Ш. Есенов атындағы технологиялар және инжиниринг университетінде (Yessenov University) 12-30 сәуір аралығында өткізілген тестілеу қорытындысы бойынша академиялық адалдықты бұзу белгілерімен 1248 студент анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Лада» басылымының мәліметінше, 248 білім алушы бұзушылықтарды қайталауға жол берген, ал 14 студент, ЖОО деректері бойынша, ақысы үшін басқаларға тест тапсыруға көмектескен.
Университет мәліметінше, тексеру барысында тестілеуден өту кезінде Telegram-боттарды, үшінші тарап көмегін және автоматтандырылған сервистерді пайдалану жағдайлары да тіркелген. Арнайы комиссия жұмысының қорытындысы бойынша 248 студент пәнді қайта оқитын болды, 14 студент оқудан шығарылды, ал үш білім алушыға қатысты материалдар құқық қорғау органдарына берілді. Тағы 1350 студент NEO платформасында тегін қайта тестілеуден өтеді.
Университет студенттерге қысым көрсету және білім беру платформасын пайдалану кезіндегі бұзушылықтар бойынша айыптауларды жоққа шығарып, NEO 70 елде қолданылатынын және AI негізіндегі бейімделу тапсырмалары арқылы ағылшын тілін үйрену үшін пайдаланылатынын атап өтті. Сонымен қатар ЖОО InterRes Central Asia серіктесімен барлық сатып алу рәсімдері заңнамаға сәйкес жүргізілгенін, ал орындалған жұмыстардың актілері электронды түрде ресімделгенін және Мемлекеттік сатып алу порталында орналастырылғанын мәлімдеді.
Yessenov University арнайы «схемалар» мен дербес деректер туралы заңнаманы бұзу жөніндегі ақпаратты жоққа шығарып, оның уәкілетті органдардың немесе соттың шешімдерімен расталмағанын атап өтті. ЖОО мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылға дайын екендіктерін жеткізіп, ресми ақпаратқа ғана сүйенуге шақырады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
