Бейсенбі, 02 мамыр, 11:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

 Дара бала – мақтанышымыз

05.12.2022

1377 0

Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кенті әкімдігінің қолдауымен, Сабира Майқанова атындағы мәдениет үйінің ұйымдастыруымен ІV – Дәстүрлі «Дара бала» атты дарынды балалардың қатысуымен қалалық ән фестивалі болып өтті.

Аталған фестивальдың мақсаты: жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, тәуелсіз елімізді әнге қосқан сазгерлеріміздің туындыларын насихаттау, жас орындаушыларды елге таныту. Ал фестивалдің қазылық құрамында сазгер, ұстаз Төлепов Ербол Асқарұлы, оқушылар мен жасөспірімдер үйінің «вокал» үйірмесінің жетекшісі Кубжанов Серікжан Алпысбайұлы, Сабира Майқанова атындағы мәдениет үйінің «Қарлығаш» хор үйірмесінің жетекшісі, әнші, Өтепов Сәкен Асылбекұлы.

Бұл өнер додасына №176 орта мектеп, Ә.Тыныбаев атындағы №11 мектеп –лицей, «Ажар ана» бөбекжай бақшасы, «С.Майқанова атындағы мәдениет Үйі», Ә.Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицей, «Күләнда» бөбек – жай бақшасы, «Хадиджа» 1 бөбекжай бақшасы, «Бегім -ай» өнер орталығы, Махамбетов ауылы «SAMGA ART STUDIO» өнер орталығы , «Жеті қазына» бала бақшасы, №257 орта мектептен 48 талапкерлер қатыстырылды.

Әрбір дарынды бала – біздің мақтанышымыз. Фестивальге қатысқан өнерлі балалардың барлығы үлкен дайындықпен келгені көрініп-ақ тұр. Сондықтан сахнада өнер көрсеткен барлық дарынды бүлдіршіндерге арнайы дипломдар мен медалдар, ал жетекшілеріне алғыс хаттар табысталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: