Бейсенбі, 25 сәуiр, 03:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Ел күткен көпір

11.03.2023

668 0

Бүгін Белкөл кентінде теміржолдың екі бетін байланыстыратын жаяу жүргіншілер көпірі пайдалануға берілді.

Ел игілігіне арналған көпірдің ашылу салтанатында сөз алған қала әкімі Асылбек Шәменов бұл тұрғындардың қауіпсіздігі үшін маңызды екенін атап айтты.

– Бұл көпір халықтың көптен бергі сұранысы бойынша салынып, тұр­ғындардың теміржолдан өту қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Көпір құрылысы өткен жылы басталды. Құрылыс жұмыстарын сапалы әрі мер­зімінде жүргізгені үшін мердігер мекеме «Голден сити» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерлеріне алғысымды білдіремін.

Ұлт даналығында «құдық қазған, көпір салған және ағаш еккен» деген үш сауап бар. Бүгінде біз сол сауаптың ең күрделісі және маңыздысын орындадық. Мұны адам тағдырына жауаптылық, қолайлы мүмкіндік жолы деп есептеймін, – деді қала басшысы.

Бірнеше жылдан бері көтеріліп кел­ген мәселеге нүкте қойылып, қолайлы жағдай жасалғанына белкөлдіктер ризашы­лықтарын білдіріп, ел азаматтарына ақ батасын берді.

Айта кету керек, қазіргі таңда аймақ басшысының қолдауымен қала көле­мінде жол инфрақұрылымын дамыту мақсатында ауқымды жұмыстар ат­қарылуда.

Биыл қала мен оған қарасты кент және ауылдық округтер бойынша жалпы сомасы 10 млрд теңгеге 231 көше жөнделеді. 19 кө­шеге жаяу жүр­гіншілер жолы салынады. Ол үшін об­лыстық бюджеттен 690 млн теңге бөлінді.

Сонымен қатар Ғани Мұратбаев және Яссауи көшелерінің қиылысындағы темір­жол арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірі құрылысына Ұлттық қор облыстық бюджеттен 320,6 млн теңге бөлініп, алдағы уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары бастау алады.

Жанқожа батыр көшесі арқылы өтетін темір жол өтпесін салуға жоба-сметалық құжаттамасын сараптама қо­рытындысымен әзірлеуге облыстық бюджеттен 51,2 млн теңге бөлініп, құ­жаттары рәсімделуде.

Бәйтерек тұрғын ауданында «Қызыл­жарма» су арнасы үстіне көпір салынуда.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: