Жұма, 09 мамыр, 02:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33, 2146
06.05.2025
PDF мұрағаты

«Ерлік. Жеңіс. Мұра” атты патриоттық іс-шара өтті

08.05.2025

14 0

Бүгін Қызылорда облыстық Татар этномәдени бірлестігінің онкүндігі аясында №112 Н. Ахмадеева атындағы орта мектепте Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Қызылорда облыстық татар этномәдени орталығымен бірлескен “Ерлік. Жеңіс. Мұра” атты патриоттық іс-шара өтті.

Шара Кеңес Одағының Батыры, ер жүрек қазақ қызы Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналды.Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы халқымыздың ерлігі мен батырлығын үлгі ету арқылы жас ұрпақты елжандылыққа тәрбиелеу, бейбіт өмірдің қадірін ұғындыру.Шараға соғыс және еңбек ардагерлері, мектептің ардагер ұстаздары арнайы шақырылып, жас буынды Жеңіс күнімен құттықтап, өз естеліктерімен бөлісті.

Сонымен қатар, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің рухына бір минут үнсіздікпен тағзым жасалды.Іс-шара барысында оқушылардың қатысуымен патриоттық әндер шырқалып, театрландырылған көріністер қойылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: