Дүйсенбі, 05 маусым, 14:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№44 (1951)
03.06.2023
PDF мұрағаты

Мәдениет министрі Сыр өңірінде

21.12.2020

2380 0

Кеше Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келді.

Мәдениет министрі Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында мәдениет және өнер өкілдерімен кездесті.

Шара алдымен әл-Фарабидің 1150 жылды­ғына арналған «әл-Фараби әлемі», Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Кемеңгерліктің биік шыңы – Абай» және «Ел тұғыры тәуелсіздік» тақырыбында кітап көрмелерінен бастау алды. Сонымен қатар облысымызда мәдениет саласы бойынша «Жұмыспен қамту 2020-2021» жылдарға арналған жол картасы аясында жүзеге асырылып жатқан жобалармен таныстырылды.

Кездесу барысында Ақтоты Райымқұлова өңірде мәдениет саласы бойынша атқарылып жатқан жұ­мыстарға оң бағасын беріп, Президент Жолдауынан туындайтын негізгі мін­деттерге тоқталып, оның атқарылуы жайлы ойымен бөлісті.

– Биыл мәдениет саласы қызмет­керлерінің еңбекақысы көтерілді. Бұл – сіздер­дің еңбектеріңіздің еленгені.                                                                                                                                       

Сыр өңірі мәдениеті ежелден қалып­тасқан тарихи тамыры терең тағылым. Оған дәстүрлі жыраулық өнер мен ақын­дық сипат өң береді. Бұл аймақ – өркениеті өскен ел, өнері өрістеген жер. Оның бір ғана дәлелі – ақын ұлдарыңыз Мұхтар Ниязовтың алтын домбыраны үш мәрте жеңіп алып, Сыр төріне тарту етуі. Мәдениет – елдің бет-бейнесі, ажары, абыройы. Өркениетті елдер ең алдымен тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен мақтанады. Осындай халықтардың қатарына қазақ халқында жатқыза аламыз. Өйткені хал­қымыз дала өркениетінің ұйтқысы болған алып сахараның мәдениеті мен өнерінің өркендеуіне өз үлесін қосып келеді. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, өнеріміз өрісті бола берсін, – деді ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова.

Кездесуде Қазақстанның Еңбек сіңір­ген қайраткері, «Құрмет» ордені ие­гері Н.Бекежанов атындағы қазақ акаде­миялық музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі Хұсейін Әмір-Темір  министрге өз қолтаңбасымен кітап тарту етті. ҚР Мәдениет саласының үздігі, ақын Серік Ыдырысов «Сыр елі – жыр елі» екендігін өлең шумақтарымен жеткізіп, жылы лебізін білдірді.

Кездесу қорытындысында бірқатар мәдениет саласының өкілдері ҚР Мәде­ниет саласының үздігі төсбелгісімен ма­рапатталды. Сонымен қатар басқа да өнер өкілдеріне ҚР мәдениет министрінің құрмет грамотасы мен облыс әкімінің алғыс хатын табыстады.

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ

Тағы да оқыңыз: