Жексенбі, 06 қазан, 03:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№79-2089
05.10.2024
PDF мұрағаты

Облыс әкімі Г.Әбдіқалықова: шалғай елді-мекендерді интернет байланысымен қамтуды жеделдету қажет

03.12.2020

963 0

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «Қазақтелеком» АҚ Оңтүстік өңірлік телекоммуникация дирекциясының бас директоры Үсенхан Әубәкіровпен кездесті. Кездесуде өңір басшысы Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы биылғы Жолдауындағы цифрлық теңсіздікті жою, интернетке барынша қолжетімдікті және сапалы байланысты қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына сәйкес аймақта атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті.

  • Қазіргі таңда облыстағы 230 ауылдық елді мекеннің 170-і кең жолақты интернетпен қамтамасыз етілген. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында өңірде 73 елді мекеннің мемлекеттік органдары талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтамасыз етіліп, оның 14-не «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізді. Бүгінде жоғары жылдамдықты интернет желісімен қамтамасыз ету мәселесі бойынша шешімін таппаған 39 елді мекенді және шалғай орналасқан 14 елді мекенді жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету мүмкіндігін қарастыруыңызды ұсынамыз – деді облыс әкімі Г.Әбдіқалықова.
    Өткен жылдың наурыз айында Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасы мен «Қазақтелеком» АҚ Оңтүстік өңірлік телекоммуникациялар дирекциясы арасында «Қызылорда облысының мемлекеттік органдарына талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу» туралы мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты жасалған. Бүгінде шарта көрсетілген құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, 69,7 км талшықты-оптикалық кабельдер жүргізіліп, аймақтағы мемлекеттік органдардың 77 объектісі интернет желісіне қосылды.
    Облыс бойынша білім беру және денсаулық сақтау нысандары толығымен 100% интернетке қосылған. Қазіргі уақытта бюджеттік ұйымдарды емес, халықты (мектеп жасындағы балалар, студенттер және т.б.) сапалы интернетпен қамтамасыз ету мәселесі өткір тұр. Сондай-ақ, білім беру саласында «Қауіпсіз мектеп» жобасы бойынша орта білім беру мекемелерін бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз ету жобасы кезең-кезеңімен іске асырылуда. Ағымдағы жылы облыстық бюджеттен 70 мектепке бейнебақылау камераларын орнатуға 250 млн.теңге бөлінді. Бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алудың ашық конкурстары өткізіліп, камераларды орнату жұмыстары жүргізілуде.
    «Қазақтелеком» АҚ Оңтүстік өңірлік телекоммуникация дирекциясының бас директоры Үсенхан Әубәкіров Smart City жобасы аясында атқарылатын жұмыстарды баяндады. Замануи LoRaWAN технологиясын қолдану, интерактивті есептеу аспаптарын орнату, ақылды жарықтандыру, ақылды тұрақтар сынды коммерциялық ұсыныстар зерделеніп жатқандығын жеткізді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: