Бейсенбі, 28 наурыз, 19:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Облыс әкімі мұнай компаниясының басшысын қабылдады

22.09.2022

771 0

Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев ірі мұнай компанияларының бірі «Саутс ойл» мекемесінің басшысы Серікжан Сейітжановты қабылдады. Кездесуде өңірдегі мұнай-газ саласының бүгінгі жағдайы мен негізгі мәселелері талқыланды.

Облыс әкімі аймақта жылдан-жылға мұнай өндіру көлемі кеміп жатқанын алға тартып, геологиялық зерделеу жұмыстарын жүргізудің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, газ өндіру ісіне басымдық беру арқылы табыс көлемін түсірмеу қажеттігін қаперге салды.

Республикалық бюджет есебінен Шу-Сарысу мен Арал шөгінді бассейндерін геологиялық зерделеу жұмыстары жүргізілуде.  Сондай-ақ, «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ тереңдігі 5.5 мың метр ұңғыманы бұрғылау жұмыстарын бастады. Ал, «Кенқияқ – Атырау» реверсінің өткізу қуатын жылына 6 млн.тоннадан 12 млн.тоннаға дейін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл өз кезегінде мұнай көлемінің орнын толтыруға, әрі қарай оның көлемін ұлғайтуға және жұмыс орындарын сақтауға мүмкіндік береді. 

Кездесуде Серікжан Сейітжанов компанияның негізгі қызмет бағыттарына тоқталып, биылғы жылдың 9 айында 257,3 мың тонна мұнай өндірілгенін тілге тиек етті.

Басқосу соңында облыс әкімі жұмыс орнын қысқартпау, жұмысшылардың жалақысын кезең-кезеңімен көтеру және салық базасын ұлғайтуға баса мән беру керектігін назарға салды. 

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: