Сенбі, 20 сәуiр, 08:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Өрт қауіпсіздігі пысықталды

14.09.2022

1109 0

Жеке құрамның өртке қарсы дайындылығы пысықталды. Қызылорда облысы ҚАЖ департаментіне қарасты 60 мекемеде «Мекемеде кенеттен өрт шыққан жағдайда қызметкерлердің алғашқы іс -қимылы» тақырыбында іс -шарасы өтті.

Жылдық жоспарға сай өткізілген бұл іс- шара ТЖД-нің қызметкерлерімен бірлесе отырып атқарылды.

Шара барысында мекемеде өрт шыққан жағдайдағы жеке құрамның алғашқы жасайтын іс-әрекеті пысықталды.

Нақтырақ айтар болсақ, мекеменің өндіріс аймағында орналасқан РМК Еңбек -Қызылорда ЖК»Әділет»пескаблок цехының алдында оқу-жаттығу өтті.

Жаттығу барысында, топ басшылардың ұйымдастырушылық қабілеті, яғни тез арада дұрыс шешім қабылддап, өзге топ мүшелеріне уақтылы тапсырма беріп, тапсырманың орындалуы мен ұйымдастырылуына аса көңіл бөлінді.

Сондай-ақ, ең бастысы жеке құрамның өрт сөндіру тобы келгенге дейінгі алғашқы атқаратын іс-қимылдары бойынша практикалық түрде жаттығып машықтанды.

Жеке құрамның бұл өткізілген іс-шара аясындағы дайындығы мекеме басшылығы тарапынан , жақсы деген бағамен қортындыланды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: