Бейсенбі, 23 қыркүйек, 14:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№77 (1777)
21.09.2021
PDF мұрағаты

Қала әкімдігінде аппараттық мәжіліс өтті

04.08.2021

545 0

Бүгін Қызылорда қаласының әкімі Ғанибек Қазантаевтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті.

Мәжілісте бекітілген күн тәртібіне сәйкес «Мүмкіндігі шектеулі азаматтармен жүргізілген жұмыстар мен алдағы міндеттер», «Жастар саясатын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар» және «Жылу беру маусымына дайындық барысы туралы» мәселелер қаралды. Шаһар басшысы күн тәртібіндегі негізгі мәселелерді талқыламас бұрын, кадрлық өзгерістерге тоқталды. Ағымдағы жылдың 21 шілдесінен бастап Қызылорда қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы болып сайланған Тәуіпбаев Сұлтанбек Тәуіпбайұлын және жаңа қызметке тағайындалған  қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Рысбек Абзал Рысбекұлынтаныстырып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Мәжілістің күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтармен жүргізілген жұмыстар мен алдағы міндеттері бойынша К. Құрақбаева хабарлама жасады. Қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы ағымдағы жылы мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қолдау бағытында қала бойынша мүгедектігі бар адамдарды жеке көмекшілердің, ымдау тілі мамандарының әлеуметтік қызметтерімен және оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз етуге басымдық берілгенін айтты.

Бөлім басшысының баяндауынша қалада 10355 мүгедектігі бар адамдар тұрады. «Мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламасын орындау» мақсатында оңалтудың техникалық көмекші құралдармен және арнаулы жүріп тұру құралдарымен қамтылуда. Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді алушылар мен жеткізушілердің тікелей өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылдан бастап «Әлеуметтік қызметтер» порталыменжұмыс жүргізілуде. Бірыңғай цифрлық алаңда мүгедектігі бар адамдарға жеке қажеттіліктері ескеріле отырып, қызметтер мен оңалту құралдарын интернет жүйесіне қосылған құрылғымен aleumet.egov.kz сілтемесі арқылы өз бетінше таңдау мүмкіндігі берілген. Биылғы жылдан бастап жеке көмекшінің қызметтерін көрсету «aleumet.egov.kz» порталы арқылы жүзеге асырылып, жеке көмекшінің мүгедекке ілесіп жүру парағын толтыруға мүмкіндік беріліп, 900 жеке көмекшіге қызметақы төленіп келеді. Сондай-ақәлеуметтік қызметтер порталына тіркелген 15 ымдау тілі маманыны естуі бойынша мүгедектігі бар 135 адамға ымдау тілінде кәсіби аударма жасау қызметтерін көрсетеді. Жыл басынан бері Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы санаторлы-курорттық емделуге 1395 мүгедектігі бар адамнан өтініштер қабылданып, мүгедек жандар өз таңдаулары бойынша баруда. Мүгедектігі бар тұлғалар үшін бүгінгі күнге қала бойынша барлығы 13 автокөлікпен, 8 жеңіл автокөлік (арендалық), арнайы жабдықталған 3 «Инватакси» және 2 газель көлігімен қызмет көрсетеді. «Инватакси» қызметі мүгедектердің өтініштеріне сәйкес олардың жұмыс орны, оқу орны, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, әлеуметтік сала объектілері, медициналық мекемелер, әуежай немесе темір жол вокзалдары, автовокзалдар мен арнайы әлеуметтік көмек көрсететін ұйымдарға барғанда көрсетіледі. Сондай-ақ, мүгедектігі бар балалардың тең дәрежеде білім алуға құқығын қамтамасыз ету мақсатында бөлім бірнеше жылдан бері психоневрологиялық ауытқуы және тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды оңалту және тәрбиелеу бағытында «Альтаир-Бөбек» қоғамдық қорымен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында тығыз жұмыс жасауда. Ағымдағы жылы«Альтаир-Бөбек» қоғамдық қоры жартылай стационарлық түрдегі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж тірек-қимыл аппараты бұзылған және психоневрологиялық патологиясы бар 35 мүгедек балаға күндізгі стационар жағдайында және 16 мүгедек балаға үйде қызмет көрсету жағдайында барлығы 51 балағаарнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуде.

 Бөлім басшысының баяндамасын тыңдаған қала әкімі жауаптыларға мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы ортаны қалыптастыру бағытында қаладағы барлық ғимараттарды, оның ішінде қызмет көрсететін мекемелерге арнайы тексеру жүргізіп, кемшіліктерді қалпына келтіруді нықтап тапсырды.

Келесі кезекте, мәжілісте бекітілген күн тәртібіне сәйкес қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы П.Жаңабергенов жастар саясаты саласындағы негізгі көрсеткіштер мен жастарды қолдау бағытында атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Жалпы қала халқының 19,5% құрайтын 14 пен 29 жас аралығындағы 63204 жас бар. Мұнан бөлек, қала орталығындағы жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарынан 24544 студент жас білім алуда. Өңірдегі мемлекеттік жастар саясатын дамыту мақсатында 7 әлеуметтік жобаәзірленіп, мемлекеттік сатып алу негізінде жастар ұйымдары арқылы тиісті жұмыстар жасалуда. Қызылорда қаласында өз кәсібін ашқысы келетін жастар қатары жыл сайын артып келді. Бүгінде облыс орталығында 3418 жас кәсіпкерлер жұмыс жасауда. Оның ішінде кент және ауылдық округтерде 300 жас кәсіпкерлер өз кәсібін жүргізіп отыр. «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында бүгінгі таңда жас кәсіпкерлер тарапынан жоба құны 186,6 млн. теңгені құрайтын 33 жоба қолдау алған. Сондай-ақ, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру бағыты бойынша биылғы жылы 81 млн.теңге қаражат бөлінуде. Оның ішінде 70,0 млн.теңгесі 18-29 жас аралығындағы жастарға тиесілі.

Жастар саясаты саласындағы басты мәселелередің бірі маргинал және NEET санатындағы жастар. Мәселені шешудің негізгі жолы NEET жастарды жұмыспен және кәсіппен қамту болып табылады. Облыстық статистика департаментінің мәліметінше жыл басынан бері 2106 жас жұмыссыз ретінде тіркелсе, оның ішінде 929 жас тұрақты жұмысқа орналасқан. 397 жас «Жастар тәжірибесіне», 935 жас қоғамдық жұмысқа, 90 жас әлеуметтік жұмыс орындарына  жолданып, оның ішінен жалпы 266 жас тұрақты жұмысқа орналасқан. Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микробизнес ашу, ісін жаңа бастаған 9 жас азаматқа несие берілген. Жаңа бизнес – идеяларды іске асыруға 112 жас азаматқаөз кәсіптерін дамытуға мемлекеттік гранттар берілді және «Бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздерін оқуға 185 жас жолданып, 78 жас оқу курстарын аяқтады. Ағымдағы жылы жұмыссыз азаматтардың ішінен 35 адамды еңбек нарығының сұранысына сәйкес бекітілген 5 мамандық бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту жоспарланып, бұл бағытта «NEET» санатындағыжастар да тартылатын болады.

Қала әкімі Ғанибек Қазантаев бөлім басшысына жазғы демалыс кезеңінде жастардың, оның ішінде жоғарғы сынып оқушылары мен студенттердің бос уақытын тиімді пайдалану бағытында нақты жұмыстарды ұйымдастыруды және қала бойынша «NEET»санатындағы жастардың арнайы дерекқорын жинақтауды, сондай-ақ қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімімен бірлесіп, жұмыссыз, оның ішінде «Серпін» бағдарламасымен және Ресей Федерациясы жоғарғы оқу орындарын бітіріп келген жастарды жұмысқа орналастыру бағытында тиісті жұмыстар жүргізуді тапсырды.

Мәжілістің үшінші мәселесі қала бойынша алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын ұйымдастыру жөнінде қала әкімінің өкімімен  қалалық штаб құрылып, бүгінгі таңда дайындық жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысыБ.Далабаев жылу маусымына дайындық жұмыстарының жоспарлы түрде бекітілген кестеге сәйкес  жүргізіліп жатқанын жеткізді.  Жалпы қала бойынша барлығы 815 көпқабатты тұрғын үйлер бар. Оның ішінде 711 орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған, 104 үй автономдық блокты модульдік қазандықтар арқылы жылытылады. Қаладағы көпқабатты тұрғын үйлерді жылумен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында 4 серіктестік және13 пәтер иелері кооперативтері тиісті жұмыстарын ақтаруда. Қазіргі таңда көпқабатты тұрғын үйлердегі ақауларды ретке келтіру, өжіре ішіндегі тозығы жеткен жылу құбырларын және вентильдерін ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар бөлім тарапынан көп қабатты тұрғын үйлердің дайындық барысына зерттеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде қала бойынша проблемалық көп қабатты тұрғын үйлер анықталды. Ақау анықталған көп қабатты тұрғын үйлер бойынша тиісті жұмыстар атқарылып, барлық үйлердің пәтер ішілік жөндеу жұмыстары жылу маусымына дейін толық аяқталып, уақытылы қосылатын болады. Қаланы қатты отын қорымен қамтамасыз ету бойынша көмір тасымалдаушы жеке кәсіпкерлер ЖК «БЕК», ЖК «Қарымсақов», «Олжас-2005» ЖШС-і және «ТЭК Қазақстан» ЖШС-і айналысады. Биылғы жылу беру маусымы кезеңінде Қызылорда қаласына қажет етілетін қатты отын көлемі шамамен 37 000 тн құрайды. Бүгінгі таңда тұрғындарға қажетті көмірдің 7 мың тоннасы жеткізілді.

Қала бойынша алдағы жылу беру маусымының дайындығына қатысты хабарламаны тыңдаған шаһар басшысы жауаптыларға барлық әлеуметтік нысандарды резервтік автономды электр қондырғыларымен қамтамасыз ету, мемлекеттік бағдарлама бойынша жүргізіліп жатқан жобалардың мерзімінде және сапалы аяқталуын қатаң бақылауға алып, қала аумағындағы әлеуметтік нысандардың жылу маусымына дайындығы бойынша тиісті жұмыстарды үйлестіріп, қадағалау сынды бірнеше тапсырмалар жүктеді. Сонымен бірге қатты және сұйық отынның тұрғындарға делдалсыз, тікелей отын тасымалдаушы кәсіпкерлерден жеткізілуін және елді мекендерге де қатты отын тапшылығы орын алмауын қатаң бақылауға алу керек екенін ескертті.

Мәжіліс соңында қала әкімі сала басшыларына жүктелген тапсырмаларды тиянақты орындап, жүйелі әрі қарқынды жұмыс істеуді тапсырып, барлығы тікелей өз бақылауында болатындығын жеткізді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: