Сенбі, 27 сәуiр, 01:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қала әкімдігінде коммуналдық мәселелер талқыланды

05.09.2021

817 0

Қала әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов пен шаһар басшысы Ғанибек Қазантаевтың басшылығымен мәжіліс өтті.

Бірқатар басқарма басшылары, қалалық бөлімдер мен коммуналдық мекемелердің басшылары қатысқан мәжілісте коммуналдық мәселелердің өзекті тұстары мен жылу маусымына дайындық жұмыстары талқыланып, оны шешу жолдары қаралды. Жиында жол, су, жарық, жылу, газ, тұрғын үй құрылысы және тасымалдау саласы бойынша түйткілді мәселелер тарқатылды. Алдымен шаһардың жылу беру маусымына дайындық жұмыстары пысықталды.

Биыл жылу беру маусымы жылдағы кестеге сай 15 қазаннан басталады. Бүгінде орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған нысандардың 83,5% қысқы маусымға дайын деген облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқарма басшысының міндетін атқарушы Ерлан Жоламанов қалған аумақ жылу қабылдауға қазан айының басында толығымен дайын болатынын жеткізді.

Бүгінгі таңда қала бойынша көпқабатты тұрғын үйлердегі ақауларды ретке келтіру, өжіре ішіндегі тозығы жеткен жылу құбырларын және вентильдерін ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар қалалық әкімдік мамандары тарапынан көп қабатты тұрғын үйлерге зерттеу жұмыстарын жүргізіп, анықталған ақауларды қалпына келтіріп, өжіредегі суды насос арқылы тазартып, пәтер ішілік ақаулары бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп, жылу маусымына дейін толық аяқталып, мерзімінде қосылатын болады.

Бұл ретте облыс әкімінің орынбасары Серік Жүсіпұлы қаланы жылумен қамту ертерек басталуы қажет екенін баса айтып, дайындық жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.

Жиында ортаға салынған жол құрылысы, су жүйесі, жарық желісі және газ мәселелері бойынша ұсыныс-пікірлер де тыңдалды. Мәжілісті қорытындылай келе қала әкімі Ғанибек Қонысбекұлы қала бойынша жылу желілерінде соңғы жұмыстар жүргізіліп жатқанын және бұл жұмыстар жуық арада аяқталатынын айтты.

Шаһар басшысы мәжілісті қорытындылай келе көтерілген мәселелердің шешілуі мен берілген тапсырмалардың хаттамаға сәйкес облыстық басқармалармен бірлесе атқарылатынын жеткізді.

Қызылорда қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: