Сейсенбі, 23 сәуiр, 16:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қала әкімдігінде жедел штаб отырысы өтті

05.08.2021

1296 0

Бүгін Қызылорда қаласының әкімі Ғанибек Қазантаевтың төрағалығымен облыс орталығындағы карантин талаптарының сақталуы туралы жедел штаб отырысын өткізді.

Штаб отырысында қала әкімінің әкімінің орынбасары Бектас Нұридинов қала аумағында карантин талаптарының сақталу барысы, індеттің алдын алу шаралары туралы атқарылып жатқан жұмыстар жайына тоқталды.

Бектас Балғабайұлының баяндауынша Қызылорда облысы қызыл аймаққа енгенімен қалада санитарлық талаптар мен карантиндік шектеулерді ескермейтіндер қатары азаймаған. Жалпы бүгінгі күнге дейін қалада санитариялық-эпидемияға қарсы талаптардың сақталуын бақылау бойынша құрылған 16 мониторингтік топ (ауылдық округтерде – 9, қалада – 7) жұмыс жасап келеді. Аталған мониторингтік топпен ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап бүгінгі күнге дейін 5510-нан астам нысандар араланып, оның ішінде карантин талаптарын бұзған 230 нысанға (оның 67-і той) шара көру үшін құзырлы органдарға хабарламалар жолданды. Қазіргі таңда оның 118-не шара көрілген.

Қала әкімі, жедел штаб төрағасы Ғ.Қазантаев мобильдік топ мүшелеріне қала аумағындағы қауіпсіздік шараларды одан әрі күшейтуді тапсырды.

  • Әлемде тарап жатқан коронавирус індетінің таралуына жол бермеудің

бірден бір жолы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қолданыстағы қаулысына сәйкес карантин талаптарын қатаң сақтау болып табылады. Бүгінде аталған талаптардың сақталуын бақылау Қызылорда қаласы әкімдігі жанынан құрылған мониторингтік топтар тарапынан қарқынды жүргізілуде. Дегенменде, халқымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында қабылданған шектеу шараларына қарамастан, тұрғындар карантин режимін сақтамай, аурудың қауіптілігін әлі сезінбей жүр деуге болады. Оған дәлел, қала аумағындағы тойханалар мен жеке тұрғын үйлерде өткізіліп жатқан той-томалақтар. Қазіргі таңда коронавирус инфекциясының таралу көрсеткіші күніне 100-150 адамды құрап отыр. Бұл тек ауырып ауруханаға қаралған адамдардың саны. Дәрігерге қаралмай үй жағдайында ауырып жатқан адамдар қаншама? Сондықтан, қала аумағында қауіпсіздік шараларымен қатар, түсіндірме жұмыстарын күшейтуіміз қажет. Бұл барлық жауапты тұлғаларға қатысты, – деді шаһар басшысы.

Айта кетейік, шаһар басшысы бұған дейін қаладағы бірқатар нысандарды аралап, тиісті құзырлы органдар мен сала басшыларына, нысандардың иелеріне қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсыра отырып, оның орындалуын қатаң бақылауда ұстайтынын жеткізген болатын.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: