Сәрсенбі, 24 сәуiр, 12:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қала әкімдігінде Жолдауда жүктелген міндеттер талқыланды

08.09.2021

996 0

Қала әкімі Ғанибек Қазантаевтың төрағалығымен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын талқылауға арналған актив отырысы өтті.

Актив отырысына зиялы қауым өкілдері, қалалық мәслихат депутаттары, қаланың еңбек ардагерлері, кент, ауылдық округ әкімдері, сала басшылары, құқық қорғау органдары, Үкіметтік емес ұйымдар, саяси партиялар, БАҚ өкілдері, білім, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, кәсіпкерлер және жастар қатысты.Жиынды шаһар басшысы Ғанибек Қазантаев ашып, жүргізіп отырды. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған бес тараудан тұратын міндеттер, еліміздің бұған дейінгі жетістіктері мен табыстарын еселейтін, қажеттіліктер мен сұраныстарды қанағаттандыратын негізгі қоғамдағы біздің мемлекетімізді алға жетелейтін бағдарламалық құжат. Елбасының бастамасымен қалыптасқан игі дәстүр, Еліміздің стратегиялық даму жолының негізгі темірқазығы. Мемлекет басшысы бұл Жолдауында пандемиядан кейінгі кезеңдегі елді одан әрі дамыту, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру, сапалы біліммен қамту, өңірлік саясатты жетілдіру, адам құқығын қорғау бағытындағы бастамалары бойынша тұрақтылық пен сенім, ел экономикасының қарқынын одан әрі күшейтуге, халықтың тұрмысын жақсартуға негіз болатын, межеленген мақсаттарды жүзеге асыру үшін нақты міндеттерді айқындап берді.Идеологиялық актив барысында қала әкімі Ғанибек Қонысбекұлы Қызылорданың қарқынды дамуы және қолдауды қажет ететін салалар туралы баяндама жасады.

Сонымен қатар, «Жаңа жағдайдағы экономиканы әртараптандыру және жетілдіру шаралары» тақырыбында қалалық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Гүлнәр Баймаханова, «Денсаулық саласындағы медициналық инфрақұрылымды дамыту – ұлт саулығының кепілі» тақырыбында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазылов, «Ұлттың ұйысуы – береке бастауы» атты тақырыбында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Мұхтар Ниязов, «Саналы ұрпақ – сапалы білім» бойынша Қ.Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназияның директоры Данабек Әбдірайымов және «Шағын және орта бизнесті дамыту ел болашағының кепілі» тақырыбында қаламыздың жас кәсіпкері Дәулет Ізбасарұлы сөз алып, Жолдаудың бағыттары талқыланып, алдағы жоспарлар сараланды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: