Жұма, 26 сәуiр, 15:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қала әкімі Елорданың мерейлі күнімен құттықтады

06.07.2021

2075 0

Құрметті қызылордалықтар!
Елорда – жасампаздықтың жаңғырығы. Елорда – тегеурінді тәуелсіздіктің, еңселі елдіктің символы. Ерке Есілдің бойында бейнесін қалыптастырған саяси-экономикалық келісімдер тұғырына айналған Елорданың мерейлі күнімен құттықтаймын!
Уақыт өлшемімен қарыштап, идеялы мегаполис атанған айбарлы астанамызды қазір әлем қадірлейді. Өйткені бұл, теңдессіз талғам мен ерен еңбектің құдіреті. Төрткүл дүниені түгел тамсантқан сәулет өнері. Жаһандық құбылыс әкелген жетістік ордасы.
Біз егемен еліміздің арманы салтанат құрып, жауқазын жұлдыздары жарқыраған күнді дәстүрлі түрде үлкен мерекеге айналдырып келеміз. 23 жылдың ішінде рухани жаңғыру белесіндегі берекелі бастамалары қасиет дарыған астананы шыңға шығарды. Төбесіне күн байлап, көріктілерден көркін еселеп арттырды. Азаттықтың ақжолтай баласы – Елордамыз Мәңгілік ел дәуірінің көшін бастады.
Елорда – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың және дархан пейілді халқымыздың еселі еңбегінің жемісі.
Қадірлі жерлестер!
Ел тағдырымен еншілес бас қаламыздың еңсесі әрдайым биік, Түркінің үміті, Алаштың арманы – Елорда күні құтты болсын!


Ізгі ниетпен,
Қызылорда қаласының әкімі
Ғанибек Қазантаев

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: