Сейсенбі, 16 сәуiр, 17:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Қала әкімі саңлақ сахнагерлерге құрмет көрсетті

16.11.2022

502 0

Қызылорда қаласының әкімі Асылбек Шаменов Сыр өңіріндегі театр өнерінің корифейлері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Бақытбек Алпысбайұлы мен өмірлік жары Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Кәмила Әбжанованы қабылдады. Оларды киелі сахна төрінде жұп жазбай өнер көрсетіп келе жатқан 55 жылдық мерейтойларымен құттықтады.

​Белгілі сахна майталмандары өнердің осынау айтулы белесіне үлкен еңбекпен, халық алақанына салған асқақ абыроймен жетіп отыр. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бақытбек Алпысбайұлы 1970 жылы Алматының М.Әуезов атындағы Академиялық драма театрының студиясын бітіріп, сол жылдан бастап Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрының әртісі қызметін атқарады.

Осы жылдар ішінде 250-ге жуық рөлдерді сомдап, әртүрлі жанрларда ойнай алатын кең ауқымды артист екенін дәлелдеді. Өнердің ерен жүйрігі жағымпаздыққа жаны қас, кімге болса да ойындағысын ашық айтатын, тік мінезді, қолға алған ісін орындамай тынбайтын адал да ақкөңіл, адамгершілігі мол азамат өмірлік серігі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Кәмила Әбжановамен жарты ғасырдан астам уақыт Н.Бекежанов атындағы қасиетті қара шаңырақта бірге еңбек етіп келеді.

Мерейтойлық қабылдауда қала әкімі Асылбек Шаменов Сыр өңірі театрының тарихында өнерге өзіндік өрнек салған, қайталанбас рөлдерімен көрермен көңілін тапқан айрықша талант иелерін құттықтап, қазақы дәстүрмен сый-құрметін көрсетіп, жүрекжарды лебізін білдірді.

– Театр – адамның өзін-өзі сахнадан көріп, өзін-өзі түсінетін орын» деп ұлт мақтанышы Шәкен Айманов айтпақшы, бекзат өнер саналатын театр сахнасында көрерменнің жанымен, ішкі түйсігімен үйлескен рөлдеріңіз арқылы көп көңілін жаулаған дарынды әртіс екендеріңіз даусыз. Өміршең өнер табыстырған Сіздерді сахнада да, қарапайым өмірде де кейінгі буынға лайықты өнеге көрсетіп келе жатқан үлгілі жанұя, бақытты жұп ретінде ерекше құрметтейміз. Өнерге деген адалдықтарыңыз бен өлшеусіз қызметтеріңіз еш ескерусіз қалмайды – деді қала басшысы Асылбек Шаменов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: