Сенбі, 04 мамыр, 22:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

«Қазақстан. Ұлы дала Елі. Тәуелсіздік»

05.12.2022

1177 0

А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада «Парасат жолы» жобасы аясында «Қазақстан. Ұлы дала Елі. Тәуелсіздік» атты кең көлемді кітап көрмесі оқырмандарға таныстырылып, насихатталды.

Аталған кітап көрмесінде қазақ елінің сонау ықылым заманнан бері дербес, Тәуелсіз ел болу мақсатындағы еркіндік пен бақытты өмір сүру үшін жүргізген толассыз, тынымсыз күрестерінің сан ғасырлық тарихынан сыр шертетін тарихи деректер жайлы айтылған кітаптар таныстырылды. Сондай-ақ, Тәуелсіз мемлекеттіміздің символдары «Қазақ елі», «Мәңгілік Ел» қақпасы, «Тәуелсіздік монументі», «Тәуелсіздік таңы» ескерткіштері жайлы оқырмандарға толық мәліметтер берілді.

Шара барысында Абылайхан атындағы №140 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Музарапшина Жұлдызай Мирамбекқызы жастарымызға «Ата-бабалардың аңсауымен, желтоқсаншы жастардың қайсарлығымен Тәуелсіздік есіктен еніп, жанымызға шаттық сыйлағалы міне 30 жылдан асып барады. Отыз жылда ел жаңа, еліміз көркейіп, жеріміз жандануда, бар әлемнің назары біздің елімізде. Қазақтығымыз бітпесін, азат күніміз бітпесін! Қазақ тіліміздің тұғыры берік боп, елдігіміз жандана берсін!» – деп өзінің жылы ізгі-тілегін білдірді.

Шараны қортындылай келе, А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхананың аға кітапханашысы Қарлығаш Махамбетжанқызы халқымыздың Тәуелсіздік жолындағы ерлік күресі мен қол жеткен жетістіктеріне тоқтала кете, жастарды өз елінің патриоты болуына шақырды.

Бұл рухани кештің басты мақсаты – Отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, жас ұрпақтың санасында патриоттық сезімдерін ояту, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: