Бейсенбі, 25 сәуiр, 06:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Құдіретті қалам иесі

16.11.2022

654 0

Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №4 кітапханада Қарымды қаламгер Дүкенбай Досжанның 80 жылдығына орай «Құдіретті қалам иесі» атты әдеби портрет №253 мектептің 9 сынып оқушыларының қатысуымен кеш өтті. Шарада жазушының өмірбаяны мен шығармашылығы кеңінен таныстырылып, кітаптары насихатталды.

Қазақтың көрнекті жазушысы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының және М.Әуезов атындағы Ұлттық сыйлықтың лауреаты Дүкенбай Досжан 1942 жылы 9 қыркүйекте Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы Құланшы ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1964 жылы ҚазМУ-ды бітіргеннен кейін Алматы облыстық «Жетісу» газетінде әдеби қызметкер болып қызмет етуден бастады. Ұзақ жылдар «Жазушы» баспасында аға редактор, Қазақстан Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарады. Бұдан кейінгі жылдары Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, «Жалын» журналында бөлім меңгерушісі болды.

Дүкенбай Досжан қазақ әдебиетінің тарихында 23 жасында «Жусан мен гүлдер» атты роман жазып, баспадан шығарған аса талантты қаламгер ретінде қалды. Жазушының қуатты қаламынан 11 роман, 22 хикаят, 100-дің үстінде әңгіме туды. Қаламгер 1996 жылы «Құм кітабы» үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығын, 1974 жылы «Зауал» кітабы үшін «Молодая гвардия» баспасының «Қазіргі заманғы жақсы роман» сыйлығын, 1988 жылы Украинаның «Днепро» баспасынан шыққан «Жібек жолы» романы үшін «Тарихи тақырыптағы жақсы кітап» сыйлығын алды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: