Бейсенбі, 25 сәуiр, 12:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда гарнизонында зерделеу жұмыстары жалғасуда

23.08.2021

708 0

Қызылорда қаласы Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы мен аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, күзгі шақырылым буындарымен алдын-ала зерделеу жұмыстары жалғасын табуда.

Қызылорда гарнизонындағы күзгі мерзімдегі әскерге шақырылушыларды зерделеу жұмыстары 2021 жылдың 10 шілде айында басталды. Күзгі шақырылым алдында Сыр өңірінде 18 бен 27 жас аралығындағы екі мыңнан астам бозбалаларды зерделеуден өткізу жоспарда. Қазіргі таңда бір жарым мыңнан астам шақырылушымен зерделеу жұмыстары аяқталды. Осы жылдың қыркүйек айына дейін зерделеу жұмыстары жалғасын табады.

Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде жылына екі рет көктем және күз айларына жоспарланады.

Азаматтардың әскерге шақыру пункттеріне келуі және оларды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы хабардар етуді тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органдары шақырту қағазымен немесе жұмыс (оқу) орны бойынша ұйым басшыларының қолдарын қойғыза отырып жүргізіледі.

Зерделеу жұмыстары негізінен екі кезеңді қамтиды. Бірінші кезеңінде шақырылушылар және олардың ата-аналарымен, жұмыс жасайтын немесе оқитын орындарының өкілдерімен әңгімелесу жүргізіліп, жеке істері тексеріледі. Әңгімелесу барысында денсаулық жай-күйі, моральдық сапасы, жалпы білім беру мен арнайы дайындығы және отбасы жағдайы анықталады. Әскерге шақырылушылардың жеке ісін зерделеу ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ҚР Ішкі істер органдарының және денсаулық, халықты әлеуметтік қорғау органдарының өкілдерімен бірлесіп жүзеге асырылады.

«Жүргізіліп жатқан зерделеу жұмыстары арқылы әскерге шақырылушылардың көптеген мәліметтері анықталуда. Әскерге шақырылушылардың әскерге шақырылғанға дейін алған мамандықтары ескерілуде. Қазіргі таңда әскери борышын өтеуге ниет білдіруші жастардың көбейгендігі көңіл қуантады», – дейді Қызылорда қаласының ҚІЖБ бастығының тәрбие және идеологиялық, әскери-патриоттық жұмыстары жөніндегі орынбасары аға лейтенант Бағдат Ахимбеков.

Ал, тәжірибе жүзінде жалғасатын екінші кезеңде әскерге шақырылушылар қалалық және аудандық медициналық комиссиядан өткен соң, қай әскери бөлімге борышын өтеуге баратындығы анықталатын болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: