Бейсенбі, 09 мамыр, 01:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда қысқа дайын ба?

09.11.2021

2347 0

Қызылорда қаласының әкімі Ғанибек Қазантаев арнайы техникалардың қысқа дайындық жұмыстарын пысықтау мақсатында «Қызылорда тазалығы» ЖШС техникалық базасын аралады.

Қазіргі таңда серіктес­тік теңгеріміндегі тех­никаның 90 проценті алдағы мау­сымдағы ау­қымды жұ­мыстарға дайын. Бүгінде тыңғылықты даяр­лық ша­ралары жүргізілді.

– Соңғы кезде тұр­ғындар тарапынан қала таза­лығына қатысты түрлі сыни сауалдар түсуде. Қыс мезгіліне дайынбыз деп арқаны кеңге салуға болмайды. Күнделікті күш-жігерді тазалық жұмыстарына жұмылдыру қажет. Сондай-ақ тұрғындар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыруға ерекше мән беріп, бағыт-бағдар беруде тиімді тәсілдерді пайдалану керек, – деді қала әкімі.

Сонымен қатар мекеме базасына 240 тонна тұз және 1000 тонна құм жинақталды. Қала басшысы серіктестік директорына құм мен тұз қоспасының сапасына ерекше мән беріп, қар тасымалдау сызбасы кестеге сай жүру қажеттігін ескертті. Ең бастысы, қар жауған кезде тұрғындардың қауіпсіздігі, жол кептелісі болмауы үшін көшелерді, жаяу жүргіншілер жолын таңғы қарбаласқа дейін тазалау керегін баса айтты.

Ақмарал ҚАДЫРХАНҚЫЗЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: