Сәрсенбі, 24 сәуiр, 06:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

«Қызылорда тазалығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры тағайындалды

09.06.2021

2346 0

2021 жылғы 8 маусымнан бастап «Қызылорда тазалығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры қызметіне Құлмағанбетов Талғат Бекмұрзаұлы тағайындалды.

Талғат Бекмұрзаұлы 1977 жылы дүниеге келген. Жоғары білімді. 2006 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Тасымалдауды және жол қозғалысын ұйымдастыру» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2006 жылы «Көркейту» мекемесінің инженері ретінде бастап, 2007-2009 жылдары осы мекеменің абоненттік бөлімінің басшысы, бас инженері қызметтерін атқарған.

2009-2012 жылдары «Қызылорда қызмет сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, 2013 жылы «Тұрғын үй Қызылорда» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары, 2013-2017 жылдары «Қызылорда тазалығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас инженері, директоры, 2017-2018 жылдары қалалық коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, 2018-2019 жылдары «Қызылорда тазалығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, 2019-2020 жылдары «Мелиоратор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас инженері, 2020 жылдан осы кезге дейін «Қызылорда автобус паркі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас инженері қызметін абыроймен атқарған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: