Сенбі, 27 қараша, 14:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 (1795)
23.11.2021
PDF мұрағаты

Қызылордада қалың қар түсіп, жұртты әбігерге салды

17.11.2021

558 0

Қаланың коммуналдық қызмет мамандары түнімен қар тазалаған.

Қызылордада түнімен қар аралас жаңбыр жауып, салдарынан көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қарашаның 16-нан 17-не қараған түні Қызылордада қар аралас жаңбыр жауды. Алдымен жауын жауып, үстіне қар түскен соң жол көктайғақ болып тұр. Бұл өз кезегінде көліктердің жүруіне кедергі келтіріп жатыр.

«Қызылорда тазалығы» ЖШС-нің 100-ден астам қызметкері және арнайы техникалар түнгі сағат 01:00-ден бастап қала көшелеріндегі қарды тазалау жұмыстарына жұмылдырылды. Қазір тиісті мекеме күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр», – деп хабарлады қала әкімдігіндегілер.

Қазіргі уақытта 120 адам жаяу жүргіншілер жолы және аялдамаларды қардан тазартып жатыр. Құм мен тұз аралас қоспаның 210 тоннасы себілген. 

«Бір-ақ күнде қыс болып кетті ғой. Кеше ғана күзде жүрген сияқты едік. Бүгін таңертең есігімізді әрең аштық. Аяздан сықырлап қатып қалыпты», – дейді Патыма Аманбайқызы есімді тұрғын.

«Таңертең жұрттың бәрі жұмысқа шығатыны, оқушылар мектепке баратыны белгілі. Жолда көлік аз. Әрине, тайғақ болған соң жүре алмайтын шығар. Мүмкін қысқа дайын емес болар. Автобус күткеніме жарты асты. Әлі келген жоқ. Мына жолмен таксилер де өтпей жатыр», – дейді Тұрар Шайдуллаев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: