Жұма, 27 желтоқсан, 00:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қалада құрылыс материалын шығаратын кәсіпорын бар

16.11.2022

763 0

«Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жобасы» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында екінші деңгейлі банктер арқылы пайыздық мөлшерлемені субсидиялау және кепілдік беру бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры көмек көрсетеді. Бүгінде қордың қолдауымен қалада мыңға жуық жоба жүзеге асқан.

Қордың қолдауына ие болған кәсіпкердің бірі – құрылыс материалдары өндірісін қолға алған Жұмабек Садуақасов есімді кәсіпкер. Өткен жылы кәсіп аясын кеңейту үшін «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасымен «Сбербанк» арқылы 70 миллион несие рәсімдеген. Бүгінде 14 проценттік несиенің 8 проценті қордан төленсе, 6 процентін кәсіпкер өзі өтейді. Кәсіпкер Жұмабек Садуақасов бұл кәсіпті 2013 жылы бастағанын айтады. Алғашқы кездері қиындықтың болғанын жасырмайды. Өнім шығару қажырлы еңбекті талап етеді. Жұмыс күшінің басым болуы қажет. Ал қазір жұмыс барысы біршама жеңілдеген. Мемлекеттік бағдарлама игілігімен ол арнайы қондырғылар алдырып, өнім шығаруды автоматтандырған. Он адамды жұмыспен қамтыған. Брусчатка, бордюр өндірісімен айналысатын кәсіпорын шикізатты Шиелі, Жаңақорған ауданынан алдырады. Қазіргі таңда халықтың бұл құрылыс материалына сұранысы жоғары екенін айтады. Сұранысты өтеу үшін күніне 3000 нан аса өнім шығарады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: