Сәрсенбі, 27 қараша, 04:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Сыр көгінде әуелеген саз кеші

18.09.2023

591 0

Нартай Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық-драма театрда алғаш рет симфониялық оркестрдің концерті өтті. Бұл оркестр аймақ басшысының  тікелей қолдауымен Қызылорда облысының 85 жылдығына орай ұйымдастырылып, облыстық филармония жанынан құрылған.

Оркестр құрамына ішекті, үрмелі және ұрмалы аспаптардың құлағында ойнайтын 30 кәсіби маманды қабылдап,  бүгінде 50-ден аса маман жасақталған. Өнер ұжымының көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері – Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, профессор Мүсілім Әмзе.

Облыс әкімі аппаратының басшысы Шахмардан Байманов театрда өткен концертке қатысып, өнер ұжымына аймақ басшысының құттықтауын жеткізумен қатар ықылас гүлін табыстап, сәттілік тіледі. Сондай-ақ аймақта мәдениет саласында биыл қолға алынған жаңа жобалар мен жаңалықтарға тоқталды.

– Саланы дамытуға үлес қосқан өнер және әдебиет өкілдеріне арнайы облыс әкімінің «Тұран» сыйлығы табысталды. Биылдан бастап облыстың мәдениет саласындағы 10 маман шетелдерде білік­тілігін арттырады. Мүмкіндігі шек­теулі өнерпаздарымыздың шығар­машылығын шыңдауға арналған инклю­зивті театр іске қосылып, бұған дейін Қызылорда қаласы әкімдігі жанында үйірме ретінде жұмыс жасап келген «Жастар театры» өз алдына кәсіби ұжым ретінде қайта құрылды, – деді аппарат басшысы.

Өңірдің мәдени-рухани дамуына аймақтағы кәсіпкерлер мен меценаттар өз үлестерін қосуда. Нақтырақ айтсақ 1,5 млрд теңгеге салынған «Анаға тағзым» орталығы жақын күндері ел игілігіне берілмек. Ал  Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші саналатын Хорасан ата кесенесінің айналасына абаттандыру, жарықтандыру, қоршау салу жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек Қармақшы ауданындағы Қорқыт ата ескерткіш кешені де бюджеттен тыс қайта жаңғыртылды.

Мұнан соң аймақтағы бірнеше нысан­ның қашан жұмысын бастайтынын әрі симфония оркестрінің алдағы жос­парын облыс әкімі аппаратының басшысы Шахмардан Байманов айтып берді.

Сондай-ақ Сыр өңірінің қасиетті орындары – Марал баба, Оқшы ата кесенелеріне қайта жаңғырту, айналасын абаттандыру, кесенеге баратын жолдар салу жұмыстары қолға алынды. Облыс орталығында құны 1,6 млрд теңгені құрайтын «Неке сарайы», құны 3,7 млрд теңге болатын мың орындық «Өнер орталығы» биыл ел игілігіне пайдалануға беріледі. Алдағы уақытта симфония оркестрі жаңа бағдарламамен «Өнер» орталығында үлкен концерттер беретін болады.

Облыс әкімі аппаратының басшысы аймақ басшысының қолдауымен елу жылдық тарихы бар өңірдің өнер майталмандарының басын қосқан қара шаңырақ – филармонияның материалдық-техникалық базасы нығайтылғанын да атады.

Айта кетейік, алдағы уақытта фи­лармония Өнер орталығы ғимаратына көшіріледі.             

Өнер ұжымы тұсаукесер концертін – композитор Ахмет Жұбановтың «Абай» симфониялық сюитасымен бастады. Бұл – елімізде сирек орындалатын күрделі туындының бірі. Одан кейін  күрделі шығарма – Ф.Шуберттің №8 «Аяқталмаған симфония» си минор және қазақ, әлем композиторларының шы­ғармаларын орындады.

Концертке келген өнер сүйер қауым бірқатар халықаралық және рес­пуб­ликалық конкурстың лауреаты Самал Байсейтова, Айдос Иманжаппаров, Ақыл­бек Табынбаев, Сымбат Тасберге­нова­ның өнерін тамашалады.

Н.АЛТЫН

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: