Сенбі, 20 сәуiр, 06:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Тасымалдаушыларға уақыт жиілігі бойынша түсіндірме жүргізілді

07.10.2021

694 0

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, «Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Бауыржан Оспанов қоғамдық көлік тасымалдаушыларына уақыт жиілігін қалыпқа келтіру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Тасымалдаушылармен кездесуге қалалық мәслихат депутаты Ерлан Мусаев пен қоғам белсендісі Эрик Тенизбаевта қатысты.

Алдымен № 11 бағыттың соңғы аялдамасы Темір жол вокзалына барды. Бағыт бригадирі № 11 бағыт бойынша шағым жоқ екенін және автобустар жаңа екендігін айтты. Бұдан кейін, осы маңайдағы № 5 және № 4 қоғамдық көліктердің тасымалдаушылармен кездесіп, ой-пікірлерін тыңдап, жылдамдықты асырмай, уақыт жиілігін қалыпқа келтіру қажеттілігін тапсырды.
Сондай-ақ, Бауыржан Әліпбайұлы ескі базар және «Жайна» сауда үйі маңайындағы аялдамада жолаушылардың қоғамдық көлікке қатысты шағымдарын тыңдап, аталған мәселелер бойынша жұмыс жүргізілетіндігін атады.

« Пандемия салдарынан өткен жылы көптеген сала қызметкерлері қашықтықтан жұмыс жасап, білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен оқушы, студенттердің қашықтықтан оқытылуына байланысты жолаушылар ағыны азайып, тасымалдаушылардың табыс көзі төмендеген болатын. Осы ретте, жолаушылар тасымалымен айналысатын кәсіпкерлер автобустарын сатып басқа кәсіп көзіне ауысуына байланысты қала көлемінде қатынайтын қалаішілік қоғамдық көліктердің саны азайып, қазіргі таңда №9,20,22 бағытты автобустармен толықтыру мүмкін болмай отыр. Қазіргі таңда, қоғамдық көлік санын көбейту мақсатында 67 дана автобустар алуға облыстық бюджетке (бюджеттік) өтінім жолданғандығын, алдағы уақытта, қажетті қаражат қаралған жағдайда тиісті жұмыстар кезең- кезеңімен жүргізілетін болады деді»,- қалалық тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Бауыржан Оспанов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: