Сенбі, 20 сәуiр, 16:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Тұңғыш рет «Қызылорда дауысы-2020» эстрада байқауы басталды

21.12.2020

2629 0

Қызылорда қаласы әкімдігінің қолдауымен алғаш рет өтіп жатқан «Қызылорда дауысы» конкурсын қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастыруда. Идея авторы – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, эстрада жұлдызы Мадина Садуақасова.

«Қызылорда дауысы» конкурсына 200-ден астам өнерпаз ниет білдіріп, арасынан шашасына шаң жұқпаған 12 қатысушы іріктеп алынды.

Олар: Аякөз Аралбайқызы, Мөлдір Кулахметова, Назым Даулетқызы, Сафуан Көрегенов, Ердана Райханұлы, Арайлым Берик, Құралай Мейрамбек, Еркебұлан Қаламбай, Бағылан Қараман, Айжан Қыдырбек, Луца Константин, Бақдәулет Исабеков.

Жүзден жүйрік шығатын «Қызылорда дауысы» байқауының жеңімпазын әділ қазылар алқасы анықтайтын болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: