Жұма, 19 сәуiр, 23:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Ұлы Жеңістің 78 жылдығына орай салтанатты шара өтті

10.05.2023

580 0

Ұлы Жеңістің 78 жылдығына орай қаладағы Тағзым алаңында Ұлы Отан соғысында шейіт болған боздақтарды еске алуға арналған шара өтті. Салтанатты шарада Отан үшін ерлік танытқан жауынгерлердің құрметіне 1 минут үнсіздік жарияланып, ” Мәңгілік алауға” гүл шоқтарын қою рәсімі орындалды.

Сондай-ақ, Ауған соғысы, Семей, Чернобыль, Тәжік-Ауған ардагерлері, ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті, ҚР Қорғаныс Министрлігі 66597 әскери бөлімі, Қызылорда облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті, ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қызылорда облысы бойынша департаменті, ҚР Ішкі істер министрлігінің Қызылорда облыстық полиция департаменті, Қызылорда облысы бойынша мамандандырылған Күзет қызметі басқармасы, Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық Атқару жүйесі департаменті, ҚР Ұлттық Ұлан 5547 әскери бөлімі, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті, Қорқыт ата атындағы Қызылорда Университетінің әскери кафедрасы, «Жас сарбаз», «Жас ұлан» ұйымы және қала тұрғындары гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

Бейбіт күн үшін кеудесін оққа тосқан жаужүрек жауынгерлердің ерекше батылдығы ешқашан жадымыздан ұмытылмайды. Жалпы облыста 6 Ұлы Отан соғысының ардагері мен 2408 тыл еңбеккері бар.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: