Жұма, 04 қазан, 07:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№78-2088
01.10.2024
PDF мұрағаты

Жанар-жағармай жеткілікті ме?

13.09.2022

1166 0

Қазіргі таңда жанар-жағармай бағасы қоғамда өзекті күйінде. Жыл сайын күзгі жиын-теріннің кезінде бағасы шарықтап, шаруаларды шалғайдан тартатыны несі?

Расында жетіспеушілік бар ма? Әлде қолдан қымбататып отырма? Мәселенің мән-жайын білмек болып, өңірлік коммуникация орталығында өткен брифингке бардық.

Тамыз айынан бастап Энергетика Министрлігінің бұйрығымен жанар-жағармайға шекті баға белгілеудің жаңа тәртібі енгізілді. Жүргізуші куәлігі бар азаматтарға тәулігіне жеңіл автокөлікке 100 литр, жүк көліктері мен автобустарға 300 литрге дейінгі көлемде 230 теңгеден алуларына болады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

– Жергілікті кәсіпкерлердің жанармай сату бекеттерінде дизель отыны­ның жетіспеушілігіне байланыс­ты қажеттілікті қамтамасыз ету үшін Энергетика министрлігі, мұнай өңдеу зауыттарымен тығыз байланыста жұмыс қолға алынды. Жыл аяғына дейін жанар-жағар-майдың қажетті көлемі нақтыланып қажеттіліктерді уақытылы қамтамасыз ету жұмыстары жасалуда. Айта кету керек, дизель отыны бойынша жетіспеушіліктің басты себебі –  ресурс ұстаушы «PetroSun» ЖШС тарапынан жеңілдетілген бағамен дизель отынын босату кезін­де жергілікті операторлардың сұра­нысы толық емес көлемде өтелуі болып отыр. Ресурс ұстаушы дизель отынын кәсіпкерге тиесілі жанармай құю бекеттерінің саны бойынша бөлетіндігі белгілі. Сол себепті аудан­дарда, шалғай елді мекендерде мұнай өнімдерімен қамтамасыз ететін жергілікті кәсіпкерлер жанар май құю бекеттерінің жалпы саны аз болған­­дықтан дизель отыны қорынан тысқары қалып келеді. Мәселен, өңірдегі ірі желілік («Sinooil» ЖШС, «Petro Retail» ЖШС, «Helios» ЖШС т.б.) өткізушілерден бөлек жергілікті операторлардың сұраныс берген 6610 тоннасының 747-сі немесе небәрі 11 проценті қанағаттандырылған. Қызылорда облысында 125 жанар-жағармай бекеті жұмыс жасайды. Оның ішінде 37 кәсіпкерлік нысаны, 12 мұнай базасы бар. Сондай-ақ ірі май құю бекеттері 30 процент болса, қалған 70 проценті жергілікті операторлар. Өңірде жұмыс жасайтын ірі көлемдегі бөлшек сауда жеткізушілері

(«Sinooil» ЖШС, «Petro Retail» ЖШС, «Helios» ЖШС т.б.)  тиесілі 40 бекеттерінің негізгі бөлігі Қызылорда қаласында және Батыс Еуропа – Батыс Қытай автомагистралінде орналасқан. Дизель отыны жетіспеушілігі салдары­нан облыста 27 жанар-жағармай құю бекетінде қор таусылып тұр. Қалған бекеттерде шектеулі мөлшермен қолма-қол ақшаға немесе талонға боса­тылуда. Қазіргі уақытта үкімет тара­пынан қа­былданған жедел шаралардың нәтиже­сінде жағдай тұрақталып келе­ді. Тамыз айынан бері облысқа 9183 тонна дизель отыны жеткізілген, – дей­ді облыстық кәсіпкерлік және өнер­кәсіп басқармасы басшысының орын­басары Фердоуси Қожабергенов.

Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бас­қар­­ма­сы басшысының орынбасары Ерлан Ералыұлының айтуынша, облыста сұйытылған мұнай газын электрон­дық сауда алаңдарынан тыс жет­кізуге арналған жоспарға сәйкес 7351 тонна сұйытылған мұнай газ бөлінді. Сонымен қатар тамыз айына «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС қосымша 234 тонна бөлініп отыр. «Атырау «НПЗ» мен «СНПС Ақтөбемұнайгаз» ЖШС жөндеу жұмыстары тоқтауына байланысты жалпы республика бойынша бөлінетін сұйытылған мұнай газ көлемі қысқартылды. Осыған байланысты қыркүйек айына 6480 тонна бөлінді. Оның 5134 тоннасы «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС, 1046 тоннасы – «СНПС Ақтөбемұнайгаз» ЖШС, 300 тоннасы – «Саутс Ойл» ЖШС тиесілі. Қазіргі уақытта «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС бекітілген кесте бойынша сұйытылған мұнай газы жеткізілуде. Тамыз айының соңы мен қыркүйек айының басында «Қызылорда Мұнай Өнімдері» ЖШС мен «Автогаз Трейд» ЖШС автогаз құю станцияларында сұйытылған мұнай газының тапшылығы орын алып, шектеулер енгізілген болатын. Қазіргі таңда барлық шектеулер алынып, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің бұйрығына сәйкес өңірімізде сұйытылған газ бағасы 60 теңгеден сатылуда.

Т.ЖӨКЕБАЙ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: