Сенбі, 21 желтоқсан, 18:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Жүйелі жұмыста сапа маңызды

02.07.2022

867 0

Қала әкімі Асылбек Шәменов жергілікті БАҚ өкілде­рімен бірге қала аумағындағы бірқатар нысанды аралады.

Балалар жылына орай облыс әкімі мен жеке кәсіпкерлердің қолдауымен қаламызда 50 спорт және балалар ойын алаңдары салынады. Алғашқы жұмыстар басталып кетті. Қазіргі таңда «Бәйтерек» тұрғын ауданы, «Баламекен» ауылында жалпы ауданы шамамен 560 шаршы метр болатын аумақты спорт­тық тренажерлар, балалар ойын және футбол алаңының құрылысы жүріп жатыр. Қала әкімі жұмыс барысымен таны­сып, Ең бастысы сапаға мән беру қажеттігін атап айтты.

«Бәйтерек» тұрғын ауданы­ның балаларын қуантуды «Корпорация Әлем-құрылыс» ЖШС мекемесі міндетіне ал­ған. Ойын алаңының сапалы, қауіпсіз болуы мекеме басшысы Русланбек Сейтмұратовқа мін­­деттелді. Жақын арада біті­ру­ді емес, сапалы болуын қам­тамасыз етуді назарға алу қажеттігі айтылды. 

– Шет аймақтар шет қал­майды. Айта кетейік, биыл­ғы жылға қаланың шет ай­мақтарына 3 ойын алаңы құ­рылысын салу үшін қалалық бюджеттен қаржы қаралып, мем­лекеттік сатып алу конкурсы ұйымдастырылуда. Сондай-ақ демеуші мердігер мекемелердің қаражаты есебінен 50 ойын алаңын салу бастау алды. Ойын алаңдарының сапалы, қауіпсіз болуы – басты шарт, – деді қала әкімі.

Қазіргі уақытта «Бәйтерек» тұрғын ауданында – 1, Алшын­баев көшесінде – 1, Тәуелсіз­дікке 20 жыл көшесінде – 1 ойын алаңының құрылысы жүріп жатыр.

Бүгінде кезең-кезеңмен ше­ткі аймақтағы жолдар жөнделу үстінде. Жолды салып, көшелер тегістелгенмен артынша тағы бір мәселенің шеті шығады. Ол – жолдың сапасы. Расында, қалада жөнделген кейбір кө­шелердің бір жылға жарамай қайта бұзылып жатқанын көріп жүрміз. Тиісті қаражат бөлінген соң жұмысты сапалы жасауға міндетті. Себебі, бөлінген қар­жының сұрауы бар екені белгілі.

Қала әкімі «Бәйтерек» тұр­ғын ауданындағы ұзындығы 4 шақырым болатын 1-ші кіреберіс және ұзындығы 5 шақырым болатын 2-ші кіре беріс жолға орташа жөндеу жұмысын көрді. Жеңімпаз атанған мердігер мекеме «Қы­зылорда жолдары» ЖШС.  Мұн­да арнайы техникалардың көме­гімен көшенің үстіңгі қабатын тегістеуде. Жұмыс барысын көр­ген қала басшысы серіктестік басшысына жолды сапалы әрі мерзімінде орындауды тап­сырды. Асфальт қабатының қалыңдығы тиісті талаптарға сәйкес болу қажеттігі айтылды. Осыған орай, қала әкімі жауапты мердігерге кемшілік болмауын қатаң ескертті.

Қаланы көркейту-көгал­дандыру үшін алдымен су қажет екені белгілі.  Сондай-ақ жеке тұрғын үйлер аяқ судың тапшылығын сезініп жатыр. Осы орайда қала әкімі осындай ауқымды мәселенің шешімін табуды тапсырған болатын. Қазіргі уақытта Қорқыт Ата көшесі мен Т.Тілеулиев көше­лерінің қиылысында жер асты суы ұңғымасының құрылысы бастау алған. Шаһар басшысы аяқ су құрылысының жұмысын өзі барып көрді. Алдағы уақытта кемшіліктер туындамауы үшін нәтижелі жұмыс жасау керек­тігін айтып өтті. Бүгінде ұңғыма арқылы шыққан жер асты суы арықтарға жіберілуде. Мердігер мекеме «Бақ-Береке» ЖШС жүзеге асырып жатқан жобаның жалпы құны 14,7 млн теңгені құрайды. 

Биыл республикалық бюд­жет­тен қаржы қаралып 31 дана аяқ су ұңғыламаларын ор­нату жұмыстары жасалады.  Оның 12 данасы қалаға, 19 да­насы кент және ауылдық ок­ругтерге орнатылады. Кезекті жоба Арай-2 мөлтек ауданында да сәтті жүзеге асырылды. Жер астынан шыққан су аталған аумаққа жі­беріліп, тұрғындар игілікті іске алғыстарын біл­діруде.

Құрылыс жүріп жатқан жұ­мыстарды аралап көрген қала әкімі күннің ыстығына қарамай ортақ мүдде үшін еңбек етіп жүр­ген құрылысшыларға алғы­сын білдірді. Сондай-ақ сала бас­шыларына жүзеге асуы тиіс жо­балардың нәтижелі болуын тап­сырды. Мекеме бас­шыла­рына әрбір істен сапа мен жауап­кершілікті талап ететінін айтты. 

Қала тұрғындарының игі­лігі жолындағы тоқтаусыз тір­­ліктерді көрген адамның көңі­лі марқая түсері анық. Тек осындай ауқымды атқарылған іске жауапкершілік таныту қа­жет екенін тұрғындар түсіне біл­ген жөн. Мәселен, балалар үшін салынған ойын алаңдарын күтіп ұстауда жанашырлық та­нытқаны дұрыс. Сонымен қатар көшедегі арық бойын таза ұстап, аяқ суды игілікке пайдалану ар­қылы қаланың көркеюі үшін өз үлестерін қосса құба-құп.

Айтолқын БАТЫРБАЙҚЫЗЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: