Жексенбі, 28 сәуiр, 17:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Жылу маусымына дайындық жалғасуда

20.08.2021

910 0

Өңірдегі әлеуметтік нысандардың жылу маусымына дайындығы жоғары деңгейде. Бүгінде аймақтағы білім беру ұйымдарының 80,2, денсаулық сақтау нысандарының 75,3, мәдениет саласына қарасты мекемелердің 74,6 пайызында кіші қазандықтар жөндеуден өтіп, жылу беруге дайын тұр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерлан Жоламанов мәлімдеді.

Брифингте басқарма басшысының міндетін атқарушы аймақтағы бу қазандықтарына жүргізіліп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарының нәтижесін баяндады. Мәселен жылу маусымын үздіксіз және сапалы өткізу мақсатында «Қызылордажылуэлектрорталығы» кәсіпорынның №9 қазандығын, №3 турбогенератордың бөлшектерін ауыстыру, турбиналық қызметтің технологиялық құбырларын және Оңтүстік қазандықтағы №7 ВОNО SG қазандығын жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «КазТрансГазАймақ» АҚ-ның Қызылорда өндірістік филиалы тарапынан алдағы жылу беру маусымына дайындық жүргізу үшін 50 дана ГРП мен 208 дана ШРП-ға ағымдағы жөндеу жүргізу тағайындалып, бүгінде бұл жұмыстар 80% орындалған.

Алдағы жылу мауысымына дайындық бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілуде деген Ерлан Ералыұлы қысқа қажетті отын қорының мөлшерін де айтып өтті. Мәселен жылу беру кезеңінде облыстағы әлеуметтік нысандар 33 мың тонна көмір мен 25 мың тонна дизель отынын тұтынатын болса, тұрғындарға жоспар бойынша 140,4 мың тонна көмір отыны қажет. Қазіргі таңда қажетті отын көлемін жеткізуші мекемелермен келісім шарт жасалып, кезең-кезеңімен жеткізілуде. Әлеуметтік нысандарға қажетті мөлшердің 14 пайызы жеткізілілсе, сұйық отынның 64 пайызы бар. Тұрғындар үшін 11 мың тонна көмір қоры қалыптасқан.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: