1 шілдеден бастап Қазақстанда сұйытылған газ бағасы өседі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Энергетика министрлігі «Ашық НҚА» порталында 1 шілдеден бастап Қазақстанда сұйытылған мұнай газының бағасын біршама түзету бойынша бұйрық жобасын жариялады.
Бұйрықта газ бағасының қымбаттауының бірнеше себебі көрсетілген.
“Бүгінгі таңда сұйытылған мұнай газының бағасы оны өндірудің өзіндік құнынан әлдеқайда төмен. Осылайша СМГ өндірісінің өзіндік құны тоннасына 60 мыңнан 70 мың теңгеге дейін өзгереді. Ал өңдеуші зауыттар үшін қолданыстағы шекті көтерме баға тоннасына 40 320 теңгені құрайды. Осылайша өндірілген әрбір тонна газдан зауыттар 20-30 мың теңге көлемінде шығынға ұшырайды”, – делінген хабарламада.
Газ бағасының қымбаттауының тағы бір себебі жылдан жылға сұйытылған газ тұтынудың күрт өсуі. Министрлік мәліметінше, өткен жылдың өзінде Қазақстанда тұтыну 2022 жылмен салыстырғанда 400 мың тоннаға өскен. 2023 жылы СМГ тұтыну көлемі 2,2 млн тоннаны құрады.
“СМГ бағаны одан әрі тежеген жағдайда қазақстандық өндіруші зауыттарда ішкі нарықтағы сұранысты қанағаттандыру үшін өндіріс көлемін ұлғайту мүмкіндігі болмайды. Залалдылықтың салдарынан зауыттар тиімдірек өнімге ауыса отырып, СМГ өндірісіне қызығушылығын жоғалтуда. Осындай себептерге байланысты инвесторлар да салаға инвестиция салғысы келмейді”, – делінген министрлік хабарламасында.
Министрлік көрші елдермен салыстырғанда сұйытылған газдың ең төменгі бағасы Қазақстанда екенін атап өтті. Қазақстанда газ бағасы 54-86 теңге арасында болса, Ресейде бір литр газдың бағасы – 132 теңге, Әзірбайжанда – 171 теңге, Тәжікстанда – 273 теңге.
Жоғарыда көрсетілген себептерге байланысты 1 шілдеден бастап сұйытылған мұнай газының шекті бөлшек сауда бағасы өңірлерге байланысты литріне 5-тен 8 теңгеге дейін қымбаттамақ.
№ | Өңірлер | Қазіргі бағалар | Облыс орталығынан шалғай аудандарды (200 (екі жүз) километр шақырымнан астам) елді мекендердегі қазіргі баға | 2024 жылғы 1 шілдеден бастап | 2024 жылғы 1 шілдеден бастап облыс орталығынан шалғай аудандарды (200 (екі жүз) километр шақырымнан астам) елді мекендерде |
1. | Астана қ. | 76 | – | 84 | – |
2. | Алматы қ. | 81 | – | 89 | – |
3. | Ақтөбе облысы | 54 | 59 | 59 | 64 |
4. | Атырау облысы | 54 | 59 | 59 | 64 |
5. | Ақмола облысы | 76 | 81 | 84 | 89 |
6. | Алматы облысы | 81 | 86 | 89 | 94 |
7. | Шығыс Қазақстан облысы | 76 | 81 | 84 | 89 |
8. | Жамбыл облысы | 71 | 76 | 78 | 83 |
9. | Батыс Қазақстан облысы | 64 | 69 | 70 | 75 |
10. | Қостанай облысы | 76 | 81 | 84 | 89 |
11. | Қызылорда облысы | 64 | 69 | 70 | 75 |
12. | Қарағанды облысы | 76 | 81 | 84 | 89 |
13. | Маңғыстау облысы | 54 | 59 | 59 | 64 |
14. | Павлодар облысы | 74 | 79 | 81 | 86 |
15. | Солтүстік Қазақстан облысы | 81 | 86 | 89 | 94 |
16. | Түркістан облысы | 64 | 69 | 70 | 75 |
17. | Шымкент қ. | 64 | – | 70 | – |
18. | Абай облысы | 76 | 81 | 84 | 89 |
19. | Жетісу облысы | 76. | 81 | 84 | 89 |
20. | Ұлытау облысы | 76 | 81 | 84 | 89 |
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!