Жұма, 19 сәуiр, 02:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

2021 жыл: Жақсыдан үміттіміз

31.12.2020

4399 0

Өткен жылға өкпе артпайтын, келер күннен тек жақсылық күтетін қазақ санаулы күндерден соң табалдырықтан енетін сиыр жылының елге берекелі болатынынан үмітті. Уақыт алмасар сәтте келер жыл қалай болар екен деп болжамдарға сүйену де заңдылық. Астрологтар мен көріпкелдердің де айтарына құлақ асатынымыз жасырын емес. Жаңа жыл қарсаңында келе жатқан сиыр жылы туралы болжамдарға шолу жасағанды жөн көрдік.

Еңбекқорлардың жылы айы оңынан туғалы тұр. Астролог Юлия Кацманның болжамы бойынша  жыл иесі сиыр еңбек еткенді жақсы көреді. Демек бұл жыл да еңбек етсеңіз, жемісі болады. Жыл иесі шыдамды, адал, сөзіне берік деп сипатталатынын да ескерген жөн. «сиыр жылы аста-төк молшылық әкелмесе де, тұрақты табыс, тиыннан ақша құрағандар үшін берекелі жыл болады» дейді астролог Юлия Кацман. Бұл жылы ұзақмерзімді жоспар құрған дұрыс. Жаңа үйдің іргетасын қалау, отбасын құру, кәсіп ашу деген сияқты айқын жоспарлардың сәтті жүзеге асуына қолайлы жыл екен. Ал көп көкейіндегі сауал пандемияға байланысты астролог бұл індеттің тез арада жойылмайтынын жасырмайды. Бір айта кетерлігі, бұл эпидемияның нәтижесінде денсаулық саласы дамиды. Астролог бұл жылы әлем ізгілік пен еркіндіктің маңызы жайында ойланатынын айтады. 2021 жылы жаңаша ойлайтындарға жол ашылады. Ең бастысы, сиыр жылы жаймашуақ өтетінін айтады. Астролог халыққа мынадай кеңес береді: «Әрдайым ұстамды, салқынқанды болу керек».

Нострадамустың 2021 жылға жасаған болжамы бойынша сауда-саттықтың жаңа түрі дамитынын атап айтқан. Сонымен қатар қолөнер бұйымдарына сұраныс артатынын болжаған. Бұл бүгінгі күні интернет дүкендер, онлайн сауданың дамуы туралы болса керек. Әлемде ізгілік, адамдардың бір-біріне деген жанашырлық қасиеті алғашқы орынға шығады. Бұл жылы аса қажеттілік болмаса тұрғылықты жерді ауыстырудың қажеті жоқ екенін болжаған.

Кейбір болжамдар бойынша сиыр жылы көші-қон көп болатыны айтылса, мұны экономика ғылымдарының докторы, халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі Әкімжан Арупов жоққа шығарады. Ғалымның сиыр жылына: «Көші-қон жиі болады деп айта алмаймын. Бұл – табиғи процесс. Адамдар өздерін дамытатын орта іздейді. Елімізде экономикалық өсім болады. Өндіріске көп қаржы салынады. Себебі пандемия біздің импортқа тәуелді екенімізге көз жеткізді. Ауыл шаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп саласы дамиды. Онлайн оқу жалғасады. Адамдар жаңа кәсіп меңгеруге талпынады» – деп болжам жасайды.

Жалпы қазақ үшін сиыр жылы қашан да жаман болмаған. Төрт түліктің бірі сиырмен бір отбасыны асыраған қазақ үшін ірі қараның орны бөлек. Этнограф Ахмет Тоқтарбай сиыр жылының қазақ елі үшін жайлы болатынын жазады: «Қазақ күнтізбесі бойынша сиыр жақсы, жайлы жылдардың бірі деп саналады. Себебі жайсыз жылдар тарихта бар, мысалы, қоян жылы қазақ күнтізбесі бойынша ең қиын жыл. Тышқан жылы, жылқы жылында соғыс, ұрыс-керіс болған. Сиыр – жуас, момын мал. Екіншіден, ертеректе кедей – отбасында бір сиыр болса,  барлығын асыраған. Бір сиырды сол үйдің анасы деп атайды екен», – дейді маман.

Әр күннен жақсылық күтеміз ғой.  Табалдырықты аттағалы тұрған сиыр жылы еліміз үшін берекелі болсын!

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: