Бейсенбі, 25 сәуiр, 13:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

2025 жылға дейін Қазақстан халқы 100% ауызсумен қамтылады – министрлік

13.10.2022

613 0

2025 жылға қарай Қазақстан халқы толықтай сапалы ауыз сумен қамттылады. Осылай деп уәде берді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі өкілдері ауызсу мәселесіне қатысты өткен жиында.

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті берген ақпараттарға сүйенсек, қазіргі таңда еліміздің 4800-ге жуық ауылы ауызсумен толығымен қамтылған екен. Ауызсумен жабдықтау жұмыстары аяқталған. Қалған 1500-ден астам ауылды ауызсумен қамту 2025 жылға дейін аяқталмақ. Нақтырақ айтсақ, 496-ы ауылы орталықтандырылған сумен жабдықталса, тұрғыны аз 1037 ауылға жергілікті бюджет қаражаты есебінен кешенді блок-модульдер орнатылмақ.

2025 жылға дейін Қазақстан халқын ауызсумен 100 пайыз қамтуды көздеп отырмыз. Бұл жоспар «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» атты ұлттық жоба шеңберінде жүзеге асырылмақ. Қазіргі уақытта елдің алыс-жақын аймақтарының ауызсуға қолжетімділігі 96 пайызды құрайды. Қала тұрғындарының 98 пайызы, ауыл тұрғындарының 93 пайызы ауызсумен қамтылған. Кей аймақтар – 100 пайыз ауызсумен қамтылған аймақтар. Мәселен, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Қызылорда және Маңғыстау облысындағы қала тұрғындары ауызсумен толық қамтамасыз етілген, – дейді Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Әзімбек Нәлібаев.

Комитет өкілінің айтуынша, енді ауызсу тартылмай жатқан өңірлерге басымдық берілмек. Әсіресе, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қостанай облысының ауылдарына көбірек қаржы бөлінбек.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлерді дамытудың Ұлттық жобасы аясында бес жыл ішінде, 2025 жылға дейін қала мен ауыл халқының 100%-ын таза ауыз сумен қамтамасыз ету міндетін қойған еді.

massaget.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: