Жұма, 19 шiлде, 05:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№56-2066
16.07.2024
PDF мұрағаты

3000 көлдің 130-ы ғана қалды: Қызылордада жер құрғап барады

06.04.2021

2411 0

Қызылорда облысы көлеміндегі орташа ылғалдылық 18% дейін төмендеген. Жер асты суының денгейі төмен түсуіне байланысты Сырдарияның төменгі ағысындағы үш мың көлден қазір 130-і ғана сақталып қалды.

Жайылымдықтардың төрттен бірі өнімділігі күрт азайып, 3 млн тоннаға дейін шөп өсетін табиғи шабындықтардан іс жүзінде айырылып қалу қаупі төніп тұр. Осылай деп дабыл қаққан Парламент Сенатының депутаттары жуырда Премьер-министрге депутаттық сауал жолдаған еді.

– Су тек тауар емес, өмірлік ресурс. Тәуелсіздік алғаннан кейін әр мемлекет бөлек саясатын ұстанып, көп жағдайда төменгі жақта орналасқан елдердің мүддесі ескерусіз қалды. Сондықтан да біріншіден, еліміздің су қауіпсіздігі үшін жоғарыда орналасқан өзендердің судың келуін қажетті уақытта реттеу келісіміне қол жеткізуде қандай кедергілер бар екені жіті зерттеліп, трансшекаралық су мәселесінде позициямызды әлсіретпей су дипломатиясы бағытында жұмыстар белсенді түрде, яғни Еліміздің су мүддесіне қарай екі жақты келісімнің, халқаралық заңдылықтардың барлық әлеуетін пайдаланып жүргізілсе дейміз. Екіншіден. Осыдан 17 жыл бұрын қабылданған Еліміздегі су ресурстарын басқару заңы қазіргі талаптарға жауап бере алмайды. Сондықтан да, суды пайдаланудың жаңа тұжырымдамасы жасалып, ол тек суға қажеттілікті реттеп қоймай, су нысандарымен байланысты табиғи экожүйелерді сақтап, суды үнемдеуге ынталандыру үшін тұтыну саласындағы тарифтерді қайта қарап, озық технологияларды енгізуге мұрындық болуы тиіс, – екенің жеткізді халық қалаулылары.

Депутаттардың дабыл қағуына негіз де жоқ емес. Өткен ғасырдың 70-80-ші жылдары басталған Әмудария мен Сырдария өзендері арнасының антропогенді қысқаруы мен негізсіз су шығындары салдарынан Үлкен Арал теңізі бір ұрпақтың көз алдында тартылды. Қазір тек Қазақстанға тиесілі азғантай бөлігі қалып отыр. Соның арқасында аймақ жұртшылығының тұрмыс-тіршілігі сәл де болса түзеліп келеді. Бірақ шешімін күткен проблема шаш етектен. Әсіресе, теңіз табанындағы тұздың зардабы орасан.

aikyn.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: