Сәрсенбі, 29 мамыр, 00:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№42-2052
28.05.2024
PDF мұрағаты

Көктемгі дала жұмыстарына дайындық басталды

22.02.2023

326 0

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында көктемгі дала жұмыстарына дайындық және елді мекендерді газдандыру барысы талқыланды.Үкімет басшысы фитосанитариялық іс-шараларды, тыңайтқыш себуді ұйымдастыруды, оңтүстік өңірлерді суармалы сумен қамтамасыз ету шараларын қабылдауды тапсырды.

Егіс алқаптарына әлеуметтік маңызы бар және жемшөп дақылдарының қажетті көлемін егу назардан тыс қалмауы керек. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Премьер-Министр еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерін газдандыру мәселесі тез арада шешім табуы қажет екенін ескертті.

Селекторлық мәжілістен кейін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Үкімет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында жиын өткізді. Биылға межеленген егіс көлемін агротехникалық талаптарды сақтай отырып, мерзімінде егу керектігін баса айтты. Осыған орай, жауапты мекеме басшылары егін егуге қажетті жанар-жағар май, тыңайтқыш, тұқым материалдары, қаржы көздерінің қолжетімділігі және су шаруашылығы нысандарының дайындығы жөнінде баяндама жасады.Аймақ басшысы биыл да су тапшылығы орын алуы мүмкін екенін атап өтіп, жоғарыдан келетін су көлемін тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды. Мұнан бөлек, өткен жылы оң нәтиже берген тәжірибені қайталап, жергілікті тұрғындарға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, бақша өнімдерімен өз-өздерін қамтамасыз етуі және ауысқан егін өнімін нарықта сату үшін арнайы егістік жер дайындап беру қажеттігін ескертті.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша тиісті мекеме басшылары облыс аумағындағы коммуналдық меншіктегі 39 газбен жабдықтау нысанын теңгерімге алу, газбен қамту қызметтері үшін тұрғындар қарызын өндіру және жеке тұрғын үйлерді көгілдір отынға қосу барысын баяндады.

Жиын қорытындысында аймақ басшысы қала, аудан әкімдеріне «ҚазТрансГазАймақ» Қызылорда өндірістік филиалымен бірлесіп, тұрғындардың табиғи газға қарызын азайту бойынша 2023 жылғы 1 сәуірге дейін нақты шара қабылдауды тапсырды. Ал, бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы және аудан, қала әкімдерімен бірлесіп, тұтынушыларды газға қосу жөніндегі қызметтерге ашық және әділ баға белгілеуді қамтамасыз ету міндеті жүктелді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: