Бейсенбі, 25 сәуiр, 05:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

4 күндік жұмыс аптасы: Жалақы жайы қалай болмақ?

18.01.2023

949 0

Толық емес жұмыс аптасымен қызмет ететіндерге үстеме жұмыстар үшін ақы төленбейді. Бұл туралы Мәжілістің қарауына енгізілген «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Депуттар талқылауына берілген құжатта ҚР Еңбек кодексінің «Жұмыс уақыты және оның түрлері» бабына өзгеріс енгізу ұсынылған.

«Тараптардың келісуі бойынша еңбек шартында 5 күндік немесе 6 күндік жұмыс аптасымен кезектесу құқығымен 4 күндік жұмыс аптасын белгілеуге жол беріледі. Толық емес жұмыс күнімен (ауысыммен) немесе толық емес жұмыс аптасымен жұмыс істейтін жұмыскерлер үшін тиісті күнтізбелік жылға арналған жұмыс уақытының балансы бойынша жұмыс сағаттарының қалыпты саны тиісінше азаяды», – деп жазылған құжатта.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұсынған түсіндірме құжатта 4 күндік жұмыс кестесімен қызмет ететіндерге үстеме жұмыс үшін қосымша ақы төленбейтіні жазылған.

«Толық емес жұмыс күні (ауысым) немесе толық емес жұмыс аптасында жұмыс істейтін қызметкерлерге үстеме жұмыстарға ақы төленбейді. Мысалы, қызметкер бес күндік жұмыс аптасында күніне 4 сағат жұмыс істейді. Алайда, бір ай ішінде өндірістік қажеттілікке байланысты қызметкер 3 рет жұмыста қалып, 6 сағаттан жұмыс істеді. Айдың соңында жұмыс беруші бұл қызметкерге үстеме ақы төлемейді. Өйткені, жұмыс уақытының балансына сәйкес, бес күндік сағат нормасы 144 сағатты құрайды және жұмыс режиміне сәйкес оны азайту қарастырылмаған. Осыған байланысты, жұмыс уақытының теңгерімінде көзделген уақыт нормасы қолданылатын жұмыс режиміне пропорционалды түрде азайтылуы тиіс екенін заңнамалық түрде бекіту ұсынылады», – деп көрсетілген Мәжілістің қарауына берілген заң жобасында.

Министрлік дерегенше, толық емес жұмыс кестесімен қызмет ету жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығына, еңбек өтілін есептеуге әсер етпейді.

Айта кетейік, қолданыстағы ҚР Еңбек кодексінде мұндай норма жоқ.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: