Сейсенбі, 21 мамыр, 11:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№40-2050
21.05.2024
PDF мұрағаты

590 кандидаттың үміті бар

14.02.2023

316 0

Сурет ашық дереккөз

Парламент Мәжілісі мен мәслихат депу­таттарына үміткерлердің ұсыным құжаттарын қабылдау аяқталғаны белгілі.

Облыстық сайлау комиссиясының мәліметіне сүйенсек, Қызылорда облысының мәслихаттарына барлығы 152 депутат сайлануы қажет болса, оның ішінде 32-і облыстық мәслихат, 23-і қалалық, 97-і аудандық мәслихат депутаттығына сайланбақ.

Облыс бойынша барлығы 590 ұсыныс келіп түсті. Парламент Мәжілісіне облыс үшін бір мандаттық №21 округ белгіленген. Оған барлығы 15 үміткер құжат ұсынды. Оның ішінде 10-ы өзін-өзі, 1-і қоғамдық бірлестік, 1-і «Ауыл», 1-і ЖСДП облыстық филиалы, 1-і «Аманат», 1-і «Ақжол» пар­тиясы тарапынан ұсынылды.

Облыстық мәслихат депутаттарын партиялық тізімдер арқылы 6 саяси партиядан 67 кандидат ұсыным құжатын тапсырды.

«ҚХП» партиясы – 4 кандидат,

«Аманат» партиясы – 34 кандидат,

«Ауыл» партиясы – 4 кандидат,

«Байтақ» партиясы – 5 кандидат,

«Республика» партиясы – 7 кандидат,

«Ақ жол» партиясы – 13 кандидат ұсынды.

Саяси партиялар құжаттарды Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес ұсы­нып, әрбір партиялық тізімде әйелдер мен 29 жас­қа толмағандардың саны кемінде 30 пайызды құ­рады.

Облыстық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша 16 бір мандаттық аумақтық сайлау округінде 58 кандидат, қалалық және аудандық мәслихат депутаттарын сайлауға 450 кандидат ұсынылды.

Орташа есеппен бір мандатқа 3 адамнан келеді. Ең үлкен бәсекелестік №4,6,16 округтер­де, яғни 5 адамнан ұсынылған.

Кандидаттардың ең жасы 2002 жылғы екен.

Гүлмира ДІЛДӘБЕКОВА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: