Жұма, 03 мамыр, 22:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Абай облысында орман өртінің кесірінен қанша жануар қырылды?

14.06.2023

387 0

Қазақстанның экология және табиғи ресурстар министрлігі Абай облысында орман өртінің кесірінен қанша жануар зардап шеккенін айта алмады. Бұл жөнінде Kaztag хабарлады.

Ведомство өртке дейін ормандағы жануарлар популяциясының саны қанша болғанын айта алмады.

«Қазіргі уақытта Абай облысында орман өрті салдарынан жабайы жануарлардың өлімі туралы нақты деректер жоқ. Облыстың биоалуантүрлілігіне келтірілген залалды толық бағалау өрт жойылғаннан кейін ғана жүргізіледі. Популяциялардың жай-күйі мен сақталуы туралы ақпарат өртке қарсы операциялар аяқталғаннан кейін және орман өртінің салдарын бағалаудан кейін беріледі», – делінген Экология министрлігінің хабарламасында.

Интернетте Абай облысындағы орманда өрт салдарынан қаза тапқан жабайы жануарлардың суреттері таратылуда. Айта кетейік, өрттен шамамен 60 мың гектар аумақ зардап шекті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: