Сенбі, 20 сәуiр, 10:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Әйелдердің зейнетке шығу жасы бекітілді

27.10.2022

972 0

Қазақстан жұртын толғандырған мәселенің бірі – әйелдердің зейнет жасы. Жыл сайын 6 айдан қосылып келе жатқан жүйе бойынша бірте-бірте әйелдердің де зейнеткерлікке шығу жасын 63-ке дейін, яғни ерлермен теңестіру көзделген болатын. Саналы ғұмырын еңбекпен қатар бала тәрбиесіне, отбасы шаруасына арнайтын әйел-аналарға ерлермен бірдей зейнетке шығу оңай емес. Бұл мәселе қоғам талқысына түссе де бірнеше жыл бойы 6 айдан қосу үрдісі жалғасып келген. Мемлекет басшысы әйел-аналарды 61 жаста зейнеткерлікке шығаруды ұсынған. Бұдан бөлек жас шеңберін 29 дан 35-ке дейін ұлғайту мәселесі көтерілген. Екі мәселе де Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында қаралды.

Алдымен жастар жайын қозғайық. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша өзге­рістер мен толықтырулар ен­гізу туралы» заң жобасы екін­ші оқылымда мақұлданды. Депутат Жәмилә Нұрманбетованың айтуын­ша, заң жобасы мемлекеттік жастар саясаты саласын жетілдіруге, қоғам­дық қатынастарды кешенді реттеу­дің тиімді құқықтық негізін қалып­тас­тыруға, жұмыспен қамтуды қамта­масыз етуге, жастардың дамуы­­на қо­лайлы жағдай жасауға бағыт­талған.

«Қазақстан Республикасының кей­бір заңнамалық актілеріне мем­лекет­тік жастар саясаты мәселе­лері бойынша өзгерістер мен толықты­рулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы мем­лекеттік жастар саясаты саласын­дағы заңнаманы жетілдіруге және жастардың құқықтары мен мүдде­лерін қорғауға бағытталған.

Заң жобасымен жұмыс ба­рысында депутаттар «жастар» ұғымының жас шеңберін 29 жастан 35 жасқа дейін ұлғайтуға бағытталған түзетулер енгізді, бұл жастардың әлеуметтік бел­сенділігін арттыруға, опти­мизмді, ертеңгі күнге деген сенімділік сезімін нығайтуға мүмкіндік береді. «Жастардың әлеуметтік қызметтері» және «уақытша тұрақсыз жастар» ұғым­дары нақтыланады», – деді депутат Жәмилә Нұрманбетова Мәжіліс отырысында.

Сондай-ақ әйелдер үшін зей­неткерлікке шығу жасын 61 жас деңгейінде бекіту, жасы­на байланысты зейнетақы тө­лем­дерін есептеу үшін табыс шегін 46 еседен 55 есеге дейін ұлғайту, еңбек ету қабілеті­нен айырылған, сондай-ақ асы­раушысынан айырылған жағ­дайда ай сайынғы әлеуметтік төлемнен шегерім мөлшерін 55 еседен азайту туралы болып отыр. Сондай-ақ ЕТЖ өсуі­не байланысты әлеуметтік төлем­дер мөлшерін азайтуды бол­дырмау мақсатында ең төменгі жалақы мөлшерінің 50%-на дейін, сондай-ақ жұ­мысынан айы­рылған жағ­дайда әлеуметтік тө­лемді есептеу үшін алмастыру коэффициентін түзету мәселе­лері зерделенді.

«Заң жобасы шеңберінде қа­ралатын мәселелер аясының кеңеюін ескере отырып, де­путат­тар заң жобасының та­қы­­ры­бын «Қазақстан Рес­­­публикасының кейбір заң­на­ма­­лық акті­леріне мем­лекеттік жас­­тар сая­­саты және әлеуметтік қам­­сыз­дандыру мәселелері бойын­ша өзгерістер мен то­лықтыру­лар енгізу туралы» деп өзгерту жө­­нінде ұсыныс енгізді», – деп­ то­лықтырды Жәмилә Нұрманбетова.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: