Жұма, 17 мамыр, 10:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38-2048
14.05.2024
PDF мұрағаты

«AirAstana» ұшағының екі жолаушысы тырысқақ ауруын жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жеткізілді

02.05.2024

387 0

Сурет:stan.kz

Жолаушылардың айтуынша, Алматыдан Оралға бақыт алған рейс кезінде екі жолаушының дене қызуы көтеріліп, құсқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ресейлік ер адам мен әйел өзін нашар сезінген соң ұшақ қонғаннан кейін санитарлық эпидемиологтар бортқа көтеріліп тексерген.

“Бізді екі сағат бойы ұшақтан шығармады. Кейін барлық жолаушыны жіберді”, – деді сондағы әйедердің бірі. 

Оралдағы облыстық жүұпалы аурулар ауруханасы екі науқастың келіп түскенін растады. 

“Түнде бізге Ресейдің екі азаматын жеткізілді. Анамнез, эпидемиологиялық анамнез және клиникалық тексеруден кейін олардан тырысқақ анықталмады. Екеуінің де жағдайы қанағаттанарлық. Олар Саратов облысындағы өздерінің тұрғылықты жеріне аттанып кетті”, – деді облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Надия Ахметова.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: