Сәрсенбі, 13 қараша, 01:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№90-2100
12.11.2024
PDF мұрағаты

Аймаққа Денсаулық сақтау вице-министрі іс-сапармен келді

08.06.2023

874 0

Бүгін аймаққа ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Т.Сұлтанғазиев іс-сапармен келді. Вице -министр алдымен Тасбөгет кентіндегі #4 қалалық емхананың жұмыс барысымен танысты. Аталған емхана кентке қарасты 3000 ға жуық тұрғынға қызмет көрсетеді. Кентте жаңа емхана ғимаратын тұрғызу тұрғындардың көптен бері қозғап жүрген базынасы еді. Арнайы келген вице-министр осы мәселемен танысты.

Мұнан соң вице-министр облыстық жедел-жәрдем станциясы мен облыстық көпбейінді аурухана жұмысымен танысты. Ондағы қызметкерлермен кездесіп, атқарылып жатқан жұмыс барысын көрді. Мамандармен пікір алмасты.

Денсаулық сақтау бірінші вице -министрі түстен кейін сала мамандары және қала тұрғындарымен кездеседі. Екі күнге жалғасатын іс-сапар ертең Жалағаш ауданында жалғасын табады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: