Жұма, 29 наурыз, 10:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Аймақта газдандыру жұмыстары жоспарлы жүргізілуде

27.12.2022

542 0

сурет ашық дереккөзінен алынды.

Бүгінгі таңда облыс тұрғындарын табиғи газбен қамту үлесі 67 пайызды құрап отыр. Биыл өңірді газдандыруға республикалық бюджеттен тиісті қаржы бөлініп, 7 жоба толық аяқталды. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетов мәлімдеді.

-Биыл аймақты табиғи газбен қамту үлесін ұлғайту мақсатында 14 жобаны жүзеге асыруға 8,7 млрд.теңге бөлінді. Оның 7-уі осы жылы толық аяқталса, қалған 7 жоба келесі жылға өтпелі болып саналады. Сонымен қатар биылғы жылдың екінші жартысынан бастап Қармақшы ауданы, Төретам кенті мен Ақай ауылы, сондай-ақ Арал ауданы, Сексеуіл кентін газдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Ал Шиелі ауданы, Тартоғай елді мекенінде «АГРС» орнату жобасы сәтті іске асуда. Бүгін Қазалы ауданына қарасты Пірімов, Басықара, Жалаңтөс ауылдарына газ желісі жүргізілді. Алдағы жылы биыл басталған 7 жобаны жалғастырып, 8 жаңа жобаның құрылысын бастайтын боламыз, – деді облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: