Жұма, 26 сәуiр, 10:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Айналымға жаңа 100 теңге

19.11.2020

4018 0

Қолма-қол ақша айналысы департаментінің директоры Жомарт Қажымұратовтың «Дала қазынасы» монеталар сериясынан JETI QAZYNA биколорлы айналыстағы монеталарының қолма-қол ақша айналымына енгені туралы түсіндірмесі жарияланды.

«Дала қазынасы» монеталар сериясынан JETI QAZYNA биколорлы айналыстағы монеталары бірқатар өңірде айналымға енді. Олар кәдімгі айналыстағы монеталармен қатар пайдаланылады. Яғни, номиналы 100 теңгелік JETI QAZYNA: ER JIGIT, SULÝ ÁIEL, QUMAI TAZY, AQYL BILIM, BEREN MYLTYQ, JÚIRIK AT, QYRAN BÚRKIT 7 монетасы заңды төлем құралы болып саналады және төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдануға міндетті – оларды тауар сатып алуға немесе көрсетілген қызметтерге төлеуге болады, – деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, монеталардың өлшемі өзгеріссіз сақталғанын, сондықтан төлем терминалдары мен басқа да кассалық техниканы қосымша қайта теңшеуді қажет етпейді.

Егер кәсіпкерлер монеталарды қабылдаудан бас тартатын болса, онда ҚР ӘҚБК 206-бабына сәйкес оларға ескерту жасалады. Бір жыл ішінде жағдай қайталанса, 5 – 25 АЕК мөлшерінде айыппұл көзделген. Осыған ұқсас жағдайға кезіксеңіз, Ұлттық Банктің кез келген филиалына шағымдана аласыз. Өз тарапымыздан бейнежазба жасауды немесе монетаны қабылдаудан бас тартқан жағдайда жазбаша негіздемесін талап етуді ұсынамыз, – деп қосты ол.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: