Жұма, 29 наурыз, 13:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Алдағы үш тәулікте Қазақстанда тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады

07.11.2022

645 0

Алдағы үш тәулікте Қазақстанда тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атмосфералық фронттар жаңа жұмыс аптасының басында ауа-райының тұрақсыз сипатын анықтайды: жауын-шашын күтіледі, басым қар түрінде болады, тек оңтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар түрінде, 8 қарашада шығыстың жекелеген аудандарында, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы және тау бөктерінде қатты жауын-шашын күтіледі», – делінген дүйсенбіде таратылған 8-10 қарашаға арналған ауа райы болжамында.
Түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман, көктайғақ, солтүстік жартысында жаяу бұрқасын болады деп күтілуде. Республика бойынша температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: