Жексенбі, 19 мамыр, 13:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39-2049
18.05.2024
PDF мұрағаты

Алдағы уақытта Қазақстанда тұрғын үй бағасы қалай өзгереді – Сарапшы жауап берді

13.10.2022

567 0

Соңғы жылдары Қазақстанда жеткіліктік өскенімен, жылжымайтын мүлік те қымбаттай түскен. Жаңа үйлердің бағасы 18%-ге өссе, екінші нарықтағы үйлердің бағасы 26%-ға жоғарылаған. Сарапшы Нұрлан Алыбаев жыл соңына дейін тұрғын үй бағасының қалай өзгеретінін айтып, сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның «Информбюро» бағдарламасына сілтеме жасап. 

Нұрлан Алыбаевтың айтуынша, мемлекет тарапынан тиісті шаралар қабылданса, 2022 жылдың соңына дейін тұрғын үй арзандауы мүмкін.

«Бұдан бөлек көрші елдер де жағдайды қалыпқа келтіруі үшін тиісті шешім қабылдайды деп сеніп артып отырмыз. Өйткені бағаның өсуіне геосаяси мәселелер де әсер еткен. Қазір шетелдік тарапынан елде пәтерге деген сұраныс артып отырғанын байқадық. Олардың қатарында Ресей мен Украина азаматтары да бар», – деді ол.

Сарапшы жылжымайтын нарықта бағаның түзілуіне инфляция мен өзге де тұтынушылық тауарлардың қымбаттауы әсер етеді. 

«Егер дәл қазіргі жағдай әрі қарай да жалғаса берсе, онда жылжымайтын мүлік нарығында баға өсе бермек. Өкінішке орай бізде тұрғын үй қоры жеткіліксіз. Ал ірі қалаларда, мысалы, Астана мен Алматыға әлі де шетелдік келіп жатыр», – деп түсіндірді Нұрлан Алыбаев. 

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның кей қалаларында тұрғын үй жалдау бағасының төмендегені туралы хабарлаған едік.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: