Жұма, 23 ақпан, 04:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№15 (2025)
20.02.2024
PDF мұрағаты

Алматыда көтерме сауда базарынан өрт шықты

29.08.2022

625 0

Алматылық өрт сөндірушілер 25 минуттың ішінде сауда дүңгіршектерінен шыққан өрттің алдын алып, қызыл жалынның одан ары таралуына жол бермеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Райымбек даңғылы мен Розыбакиев көшесінің қиылысындағы көтерме сауда базарының жанында орналасқан ғимараттағы өрттің себебін анықтап жатыр.

Өрт туралы хабарлама Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментіне сағат 16:00 шамасында келіп түскен.

Санаулы минут ішінде бірнеше өрт сөндіру қызметінің бригадасы келіп, дереу өртті сөндіруге кірісті. Ол кезде тілсіз жау шамамен 200 шаршы метр аумақты шарпыған болатын.

Өртке оранған ғимаратта асхана, ет дүкені, шаштараз, ойын автоматтары клубы және кеңсе бөлмесі болған.

Өрттің нақты қай жерде және неден туындағанын тергеу барысында тағайындалатын өрт-техникалық сараптама анықтайды.

Алдын ала мәлімет бойынша, көз жұмғандар мен зардап шеккендер жоқ.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: