Дүйсенбі, 06 мамыр, 11:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Ана сүтімен емізу баланың өмірін құтқарады

02.08.2023

957 0

Жыл сайын тамыздың бірінші аптасында Дүниежүзілік омырау сүтімен емізу апталығы атап өтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

1990 жылдан бастап 1-7 тамыз аралығында әлемнің 170 мемлекеті ана сүтімен қоректендіру, емізу апталығын өткізіп келеді. Бала құқықтары туралы Конвенцияға сәйкес, әр нәресте және басқа жас топтары дұрыс тамақтануға құқылы.

«Емізу – баланың денсаулығы мен өмір сүруін қамтамасыз етудің ең тиімді әдістерінің бірі. Омырау сүті – нәрестелер үшін тамаша тағам. Ол қауіпсіз, зиянсыз және көптеген аурулардан қорғауға көмектесетін антиденелерден тұрады. Ана сүтін емген сәбилер интеллектуалды түрде жақсы дамиды, артық салмақтан аз зардап шегеді және қант диабетіне бейім болмайды. Емізетін әйелдерде сүт безі мен аналық без қатерлі ісігі қаупі де төмендейді», – деп жазылған министрлік хабарламасында.

Нәрестелерді туғаннан 23 айға дейін емізу жыл сайын бүкіл әлем бойынша 820 мың баланы құтқаруға мүмкіндік береді.

«Біздің елімізде де ана сүтімен емізуге үлкен мән беріледі. Емізу – ананың баламен эмоционалды байланысын күшейтетін, баланың психофизикалық дамуына жалпы қолайлы дамуды қамтамасыз ететін маңызды процестердің бірі. Болашақ аналарды омырау сүтімен емізуге дайындау әйелдің жүктілік кезеңінде оның денесінің физиологиялық өзгерістерін, баланы кеудеге салу тәсілдерін және тамақтандырудың жалпы ережелерін түсіндіруден басталады.

Қазіргі уақытта елімізде тек омырау сүтімен – 0-ден 6 айға дейінгі 180 мың бала және 2 жасқа дейінгі 568 мың бала (қосымша тамақтандырумен және жалпы тамақтанумен бірге) омырау сүтімен қоректенеді», – дейді Денсаулық сақтау министрлігі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: