Сәрсенбі, 16 қазан, 05:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№82-2092
15.10.2024
PDF мұрағаты

Антикор экс-депутат Нұржан Әлтаевтың нақты қандай күдікке ілінгенін хабарлады 

08.06.2023

643 0

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі кеше ұсталғаны белгілі болған мәжілістің бұрынғы депутаты Нұржан Әлтаевтың ісіне қатысты жаңа мәліметтерді жариялады. Бұл туралы Антикор Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Агенттік мәліметінше, 7 маусымда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жасырын іс-шаралар кешенінің нәтижесінде экс-вице-министр Н.Б. Әлтаевты аса ауыр жемқорлық қылмысын жасады деген күдік бойынша ұстаған. «Н.Б. Әлтаев Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі, кейіннен парламент мәжілісінің депутаты ретінде жүйелі негізде «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы А.И. Мырзахметовтен аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікке ілінді. 2018-2020 жылдар кезеңінде жауапты мемлекеттік лауазымдарды атқара отырып, ол А.И. Мырзахметовтың мүддесі үшін әрекет етіп, оның ұйымына мемлекеттік тапсырыстарды алуына ықпал етіп, жалпы қамқоршылық көрсеткен», – делінген агенттік хабарламасында. Антикор қазіргі таңда Нұржан Әлтаев Астана қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалғанын, іс бойынша тергеу жалғасып жатқанын атап өтті. Агенттік Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейтінін де мәлім етті.

Сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Конституцияның 77 бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адам заңды күшіне енген сот үкімімен қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп танылмайынша, ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептелетін еске салды. Еске сала кетсек, 7 маусымда Нұржан Әлтаевтың ұсталғаны белгілі болған еді. Антикордың баспасөз қызметі бұл ақпаратты растап, оның ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.

https://kaz.nur.kz/world/2023425-9-sildede-sailau-ozbekstan-prezidenti-boluga-mirzieevpen-birge-tagy-kim-umitker/

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: