Сейсенбі, 07 мамыр, 04:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Ақмола облысында сібір жарасы өршуде

03.09.2023

323 0

Ақмола облысында сібір жарасы өршуде. Енді аймақтан барлық ауылшаруашылық өнімдерін шығару шектелді. Бұл туралы 716 сайты хабарлайды.

Денсаулық сақтау министрлігі аймақ тұрғындары арасында сібір жарасының 12 жағдайын растағаннан кейін ауқымды зерттеулер жүргізді. Нәтижесінде өңірден өнім шығаруға тыйым салу туралы шешім қабылданды.

«Барлық тексерілген ошақтарда қорытынды дезинфекция жүргізілді. Ауыл шаруашылығы өнімдерін әкетуге шектеу шаралары енгізілді. 536 кг ет өртеніп, жойылды. Ет аймақтан тыс жерлерге шығарылмаған. Инфекция ошағын жою бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сібір жарасы ошағын оқшаулау бойынша эпидемияға қарсы және эпизоотияға қарсы іс-шаралар жалғасуда», – делінген ведомство хабарламасында.

1 қыркүйекте Ақмола облысы Жарқайың ауданы Үшқарасу ауылында бірден 12 адам сібір жарасын жұқтырғаны белгілі болды. Олар инфекция бөліміне жатқызылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: