Жұма, 21 маусым, 12:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№48-2058
18.06.2024
PDF мұрағаты

Ақшаны жұмсаған дұрыс па әлде үнемдеген бе? Психолог кеңесі

08.11.2022

986 0

Біз бәріміз кірістің 10% -ын жинау керек екенін жақсы білеміз. Бір жағынан адам өзінен үнемдемеуі керек деген де психологиялық түсінік бар. Қайсысы дұрыс?

Ақшаны жұмсау немесе үнемдеу – мәңгілік дилемма. Көпшілік психологиялық курстар арқылы «қазіргі сәтпен өмір сүргім келеді, әдемі заттар сатып алып, мейрамханалар мен көрмелерге барғым келеді, шетелде саяхаттауды қалаймын» дейді. Екінші жағынан көлік ауыстырып, жеке баспанаға ие болу үшін «қауіпсіздік жастығы» болғаны дұрыс, сол себепті үнемдеумен өмір сүретіндер де табылады. Қай стратегия дұрыс екенін қалай шешуге болады?

  1. Әдеттерді анықтау. Отбасының ақшаға деген көзқарасы. Неге молшылықта өмір сүруді қазірден бастамасқа? Мен бай болғанда қандай боламын? Бұл жағдайда мен қандай эмоциялар аламын? Осы сұрақтарға жауап іздеңіз.
  2. Қорқыныштарды жеңу. Біз бұл мәселеді қорқынышпен кездесеміз: үлкен ақша – үлкен жауапкершілік. Біз одан мүмкіндігінше қашуға тырысамыз, кейде бейсаналық: «ақша жоқ болса, проблема да жоқ»!-дейді ішкі «меніміз». Ақшаға қатысты қорқыныш арқылы өзімізді сырттан бақылай отырып, өзімізді және ақшамен қарым-қатынасымызды жақсырақ түсіну үшін не істей аламыз. Соны ұғу.
  3. Мақсат қойыңыз. Сізге ақша не үшін, қандай мақсаттар үшін қажет? Өз пәтерін, қыста жылы елге саяхаттауды немесе балаларына жекеменшік мектепте оқуды армандағандар, әдетте, қалағанына жетудің жолдарын табады. Қаржылық мақсат олардың негізгі құндылықтарына сәйкес келеді: өз үйінде, тәуелсіз өмір сүру… Сіз құндылықтарыңызды анықтап, өзіңізбен үйлесімді өмір сүруге мүмкіндік алғанда, ақша тек құралға айналады.

Т. Р

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/jigitterge/psihologiya/74070/

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: