Жұма, 17 мамыр, 13:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38-2048
14.05.2024
PDF мұрағаты

Ардагерге көрсетілген құрмет

26.12.2022

664 0

Бүгін қала әкімі Асылбек Шаменов ұзақ жылдар бойы мемлекеттік қызметте болып, Сыр елінің экономикасы мен әлеуметтік өмірінің дамуына қомақты үлес қосқан, елді іргелі істерге жұмылдырған, ең бастысы өзінің азаматтық тұлғасымен, кісілік келбетімен танылған Арыстанов Ақылбек Тәжібайұлын қабылдап, мерейлі 70 жасымен құттықтады.

Іскер ұйымдастырушы, білікті басшы, ел мұқтажы мен қажетіне жаны ашитын азамат ретінде халық көңілінен орын алып, еңбектің сан алуан сатысынан сүрінбей өткен Ақылбек Тәжібайұлы бүгінде қадірлі ақсақал болып, кейінгі буынға лайықты үлгі-өнеге көрсетіп жүр.Шаһар басшысы Асылбек Шаменов ардақты азаматтың өмір жолындағы өнегелі істерін тілге тиек етіп, «Ақжарма, Қарауылтөбе ауылдық округтерінің және Белкөл кентінің әкімі болған тұсыңызда ауылдарды көркейтіп, әкімнің елмен жақын болуының лайықты үлгісін көрсеттіңіз

. «Сүйер ұлың болса сүй, сүйенерге жарар ол» деп дана Абай айтқандай, әрдайым халық тарапынан қолдау тауып, еңбегіңіз лайықты бағаланып келеді. Қазақстан Республикасының «Құрмет» ордені мемлекеттік наградасы сынды көптеген дәргейі биік марапаттарыңыз Сіздің ерен еңбегіңіздің жемісі екені даусыз» деді.Кездесу соңында қала әкімі елге сыйлы ақсақалға қазақы дәстүрмен шапан жауып, сый-құрмет жоралғысын жасады.

Ақылбек Тәжібайұлы секілді алдыңғы буынның ардақты өкілдері қатарында тұратын жарқын жүзді, үлкен жүректі абзал жандарға құрмет көрсету үлгісі алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: