Бейсенбі, 02 мамыр, 11:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Астанадағы Forte Bank-ке шабуыл жасалды ма – Полиция түсінік берді

19.06.2023

525 0

Желіде елордадағы Forte bank бөлімшесін пышақпен қаруланған ер адамның тонамақ болғаны туралы видео таралды. Полиция оқиғаға түсінік берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әлеуметтік желіде Астанадағы Forte bank бөлімшесін пышақпен қаруланған ер адамның тонамақ болғаны туралы видео таралды. Куәгерлердің сөзінше, күзетші шабуылшыны тоқтатқан. 

Астана полициясы жағдайға қатысты түсінік берді. 

“Республика даңғылында орналасқан ForteBank-те азаматтардың кепілге алынбақ болғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл нысанда жедел әрекет ету тобы экипажының қызметкерлері жаттығулар өткізді. 
Полиция департаменті азаматтардан тек ресми дереккөздерге сенуді сұрайды”, – делінген хабарламада. 

Forte Bank банктің баспасөз қызметі де деректі растамады.

«Банктің қауіпсіздік қызметі арнайы жаттығулар өткізді, бұл туралы бөлімшеде болғандардың барлығына хабарланды», – деп жауап берді банк.

Еске салсақ, 18 маусымда Астанадағы » Kaspi банк» филиалын белгісіз біреу басып алды. Тапаншаға ұқсас зат ұстаған ер адам адамды кепілге алып, бірнеше талап қойды. 

Прокуратураның мәліметіне сәйкес, 30 жастағы Әлихат Мұрадов 2013 жылдан бері есірткіге тәуелді адамдар есебінде тұр. Жамбыл облысының тумасы банктен кредит те алған. Екі рет қылмыстық іс бойынша күдікті болып танылған.

Бұл факті сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне Қылмыстық кодекстің 261-бабы, 2 бөлігі (Адамды кепілге алу) бойынша тіркелді. Бұл бапта мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: